Емелина Н.К., Ассанова М.А., Козлова Н.Г.
Түйін
Зерттеудің мақсаты – жалақы деңгейіне әсер ететін факторларды анықтауға көмектесетін эмпирикалық талдау принциптерін таңдамалы түрде қарастыру; гендерлік аспектіні және аумақтық жағдайды ескере отырып, жалақыны төлеуде айырмашылықтарды бағалау. Әдіснамасы – факторлық белгілер ретінде жалған айнымалылар қолданылатын жалақы моделін қалыптастырудың корреляция-регрессиялық талдауы. Жаңалығы –жалақы деңгейін тек ұлттық деңгейде ғана емес, сондай-ақ білім беру мен кәсіби тәжірибенің әсерін бағалау арқылы аймақтық және салалық деңгейлерге әсер ететін факторларды талдау жұмысы жүргізілді. Нәтижелері – Қазақстандағы білім берудің қайтарымдылығы 8,9% екені анықталды. Дегенмен, бұл көрсеткіш ерлер мен әйелдер тұлғалары үшін бірдей емес, сондай-ақ экономика салалары мен тұрғылықты аймақтарға қатысты өзгеріп отырады. Қорытынды – ұсынылған модельдер Қазақстан Республикасында жалақы қалыптастыру факторларының жалпы көрінісін алуға және отандық еңбек нарығына тән үрдістерді сипаттауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: жалақы, адам капиталы, білім берудегі қайтарымдылық, гендерлік айырмашылық, еңбек нарығы.