Журнал туралы

Журналының мақсаты оқырмандарды Қазақстанның, Азия мен Еуропа елдерінің экономика, қаржы, менеджмент, бизнес, әлеуметтік даму саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің ерекше нәтижелерімен таныстыру.

Журналға ғылыми қызметкерлерден, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелерінен, докторанттар мен магистранттардан ғылыми жетекшілермен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілерден және Қазақстан мен шетел авторларының басқа да санаттарынан журналдың зерттеу тақырыбы бойынша мақалалар қабылданады.

Журналдың тақырыптық бағыттары:

  • экономикалық теория және шаруашылық тәжірибе мәселелері;
  • экономикалық зерттеулер мен талдау әдіснамасы;
  • экономикалық өсу, инновациялық-технологиялық даму;
  • әртараптандыру, бәсекеге қабілеттілік;
  • қаржы және инвестициялар;
  • демография, адами ресурстар;
  • өмір сүру деңгейі және әлеуметтік даму;
  • жұмыспен қамту және еңбек нарығы;
  • халықаралық экономикалық қатынастар;
  • аймақтық экономика және аумақтық даму;
  • тұрақты даму және табиғатты пайдалану;
  • бизнес және кәсіпкерлік;
  • менеджмент және маркетинг;
  • институционалдық ортаны трансформациялау.

Журналдың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны болып табылады.

Журнал ғылыми мақалаларды үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялайды және жылына 4 рет шығады. Мақалалар 1-ші нөмір – 10 қаңтарға дейін, 2 -ші нөмір – 10 сәуірге дейін, 3-ші нөмір – 10 шілдеге дейін, 4-ші нөмір – 10 қазанға дейін қабылданады.

Рецензиялау нәтижелері бойынша автор мақала берілгеннен кейін 4-6 апта ішінде оң немесе теріс жауап алады. Мақала қабылданған жағдайда өндірістік циклдің жалпы ұзақтығы 9-11 аптаны құрайды.

Журнал ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіреді.
Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркелген.

2006 жылғы 27 сәуірдегі №7158-Ж БАҚ-ты есепке қою туралы куәлік
ISSN 1997- 9967 (Print)
ISSN 2663-550X (E-ISSN)

Еркін қолжетімділік саясаты

Журналдың барлық шығарылымдары еркін қол жетімді және (http://jesp.ieconom.kz) журналдың үш тілді сайты немесе http://elibrary.ru электрондық кітапхана арқылы қол жеткізуге болады. Осылайша, журнал мақалалары барлығына қол жетімді, өйткені зерттеу нәтижелеріне еркін қол жеткізу жалпы білімнің артуына ықпал етеді.
Журнал Sherpa/Romeo «Көк» мұрағаттау саясатын ұстанады. PDF форматында жарияланған барлық мақалалар шектеусіз мұрағатталуы мүмкін.

Индекстеу және мұрағаттау:

  1. Бірыңғай электронды кітапхана, Қазақстан
  2. eLIBRARY.RU — біріктірілген ғылыми ақпараттық портал, Ресей
  3. Қазақстандық дәйексөз базасы
  4. Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі
  5. CrossRef

Журналды тарату

Журналға «Қазпошта» АҚ арқылы жазылуға болады». Жазылу индексі – 75417. Журналдың бір нөмірінің каталогтық бағасы 3500 теңгені құрайды (жеткізуді қоса есептегенде).
Журналға жазылуды журнал редакциясы арқылы да ресімдеуге болады. Ол үшін бізге ieconomkz@gmail.com. электрондық поштасы арқылы хабарласу қажет. Сізге тапсырыстың жалпы сомасына шот беріледі, оны төлегеннен кейін журнал нөмірлері жіберіледі.

Электрондық журналға да жазылуға болады. Бұл жағдайда жылдық жазылу құны 10 000 теңгені құрайды.

https://doi.org/10.51176/JESP