Авторлар үшін

1. МАҚАЛА БЕРУ

1.1 Беру нысаны
Барлық мақалалар http://jesp.ieconom.kz «Экономика: стратегия және практика» журналының сайтында автордың жеке кабинеті арқылы немесе zhurnalesip@gmail.com. Электронды поштасына online қабылданады.
Автор екі файл дайындауы керек: А) жеке деректерді көрсететін мақаланың титулы, б) мақаланың негізгі мәтіні.
Титул. Мақала титулы авторлар туралы мәліметтерді үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) қамтиды. Корреспондент авторды (мақаланы редакцияға берген автор) көрсету міндетті. Корреспондент автор редакцияның авторлық ұжыммен байланысы үшін жауапты. Файлдың атауы келесі мәліметтерді қамтуы тиіс – мақаланы ұсынған күні (жыл_ай_күн), журнал атауының аббревиатурасы (JESP), мақаланың қысқаша атауы.
Үлгі: 2020_11_30_JESP_Мақала атауы_Титул

Мақаланың негізгі мәтіні. Авторлар туралы барлық ақпарат файл сипаттарынан жоюылуы керек. Файлдың атауы келесі мәліметтерді қамтуы тиіс: мақаланы ұсынған күні (жыл_ай_күн), журнал атауының аббревиатурасы (JESP), мақаланың қысқаша атауы. Үлгі: 2020_11_30_JESP_Мақала атауы
Журналдың бір санында автор, бірлескен авторлықты қоса алғанда, бір мақаладан артық жариялай алмайды.
Авторға мақаланы қарастыру нәтижелері туралы хабарламалар электрондық пошта, сондай-ақ автордың жеке кабинеті арқылы хабарланады.

1.2 Қолжазбаны ұсынуға арналған ұсыныстар:

Автордың ағылшын тіліндегі тегі мен аты Scopus және Web of Science дерекқорларында, ал орыс тілінде – РҒДИ мен ҚазДБ-да индекстелген журналдарда бұрын жарияланған мақалалардағы аты-жөніне сәйкес келуі тиіс.
Шетелдік дерекқорларда жарияланымдарды есепке алу үшін авторларға http://orcid.org/ және http://www.researcherid.com сайттарына тіркелу арқылы бірегей сәйкестендіру нөмірлерін (ORCID) алу ұсынылады.

1.3 Авторлық дана: Институтқа жүгіне отырып автор нөмірдің бір тегін авторлық данасын, сондай-ақ журналдың электрондық нұсқадағы нөмірін алуы көзделеді.

2. ЖАРИЯЛАНЫМДЫҚ ЭТИКА


Журнал Жарияланымдар этикасы жөніндегі комитеттің (COPY) қағидаттары мен ережелерін басшылыққа алады және кез келген теріс пайдаланушылыққа қарсы барлық мүмкін шараларды қабылдайды.
Журналға мақаланы ұсынуда авторлар:

– жұмыстар авторлардың жеке үлесі болып табылады және басқа жұмыстардың көшірмесі емес екендігіне;

– ұсынылған мақаланың бұрын жарияланбағандығына;

– мақалалар бұрын дәл сол күйінде, басқа кез-келген тілде басқа баспа және электрондық құралдарда «Экономика: стратегия және практика» журналы баспасының жазбаша рұқсатынсыз жарияланбайтынына;

– мақаланың барлық авторлармен және жұмыс орындалған ұйымдармен мақұлданғанын;

– авторлардың жұмыс орындалған ұйымдармен әлеуетті қайшылықтарының болмауына куәлік ету тиіс.

Кез-келген жоғарыда көрсетілген ережелердің бұзылуы тікелей бас редакторға хабарлануы қажет. Жарияланымдар этикасын сақтау үшін журнал редакциясы жұмысты бірегейлік пен плагиаттың болмауына тексеруге құқылы.

3. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ


Автор жарияланғаннан кейін мақаланы пайдалану құқығын өзіне қалдырады, атап айтқанда:

– қолжазбаның түпкілікті нұсқасын автордың жеке веб-беттеріне немесе институционалдық репозитарийлерге қою;

– журнал басылымның бастапқы көзі ретінде танылған жағдайда, мақаланы ғылыми және педагогикалық қызметте пайдалану.
Журнал Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиялары бойынша авторлармен өзара әрекеттеседі.

Осы лицензияға сәйкес авторлар айрықша құқықты журналдың баспасына кез келген коммерциялық емес мақсаттар үшін өтеусіз негізде береді. Пайдаланушыларға автор мен оның жұмысына сілтеме берілген жағдайда мақалалар көшірілуі, таратылуы және қайта пайдаланылуы мүмкін.

Айрықша құқықты беру мақала мен оған материалдарды қайта басып шығару, жариялау, тарату және мұрағаттау құқығын кез келген нысанда, оның ішінде қайта басып шығару, аудару, фотокөшіру, электрондық нысан (онлайн және офлайн) не кез келген басқа нысанда беруді білдіреді және мақала жариялауға қабылданған жағдайда күшіне енеді.

4. ҚОЛЖАЗБАНЫ ДАЙЫНДАУ


4.1 Қолжазбаның көлемі
Мақалалардың көлемі:
Шолу мақаласы – суреттер мен кестелер мазмұнын қоса алғанда, 5000 – 7000 сөз.
Зерттеу мақаласы – суреттер мен кестелер мазмұнын қоса алғанда 3000 – 5000 сөз.
Мақала мәтіні MS Word мәтін редакторында (2003 нұсқасынан ескі емес, doc немесе docx кеңейтуімен), Times New Roman шрифтін пайдалана отырып, 12 өлшемді бір интервал арқылы терілуі керек. Абзац шегінісі 1 см. Құжат шегі – 20 мм.

4.2 Титул беті

Мақаланың атауы үш тілде. Атауы қысқаша және ақпараттық болуы тиіс. Атаулар жиі ақпараттық іздеу жүйелерінде пайдаланылады. Қысқартулар болмауы керек.
Авторлар туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), ғылыми дәрежесі мен атағы, ұйымның толық атауы мен мекен-жайы – жұмыс орны ( индексті қоса алғанда), лауазымы, байланыс телефордары, электрондық пошта мекенжайы, ORCID және ResearcherID
Зерттеуді қаржыландыру көзі. Мақаланы дайындау негізі болып табылатын зерттеуді қаржыландыру көздерін көрсетіңіз: «Бұл зерттеуге …қолдау көрсетті (мысалы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, ҚР БҒМ гранты (гранттың ЖТН)).
Алғыс сөз. Зерттеу кезінде көмек көрсеткен адамдарды жазыңыз (мысалы, деректерді өңдеу, аудару, редакциялау, мәтінді жақсарту және т.б.).

4.3 Мақаланың негізгі мәтіні

Мақаланың негізгі мәтіні келесі құрылымға сәйкес рәсімделеді.: «Түйін», «Түйін сөздер», «Жіктеу кодтары (JEL, МҒТАР)», «Кіріспе», «Әдебиеттерге шолу», «Әдіснама», «Нәтижелер мен талқылау», «Қорытындылар». Қажет болған кезде бөлімдердің, сондай-ақ кіші бөлімдердің қосымша арнайы атауларына жол беріледі (ретімен нөмірлеумен).

4.3.1 Мақаланың атауы үш тілде. Атауы қысқаша және ақпараттық болуы тиіс. Атаулар жиі ақпараттық іздеу жүйелерінде пайдаланылады. Қысқартулар болмауы керек.


4.3.2 Мақаланың түйіні үш тілде (қазақша – Түйін, орысша – Аннотация, ағылшынша – Abstract), ол зерттеудің мақсаты, әдістері, нәтижелері мен қорытындылары туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Көлемі 190 – 200 сөз.


4.3.3 Түйін сөздер үш тілде – 5-10 түйін сөз. Түйін сөздер мүмкіндігінше нақты болуы керек және мақаланың ерекшелігін көрсетуі керек. Аббревиатураларға жол берілмейді. Көптік терминдерді (мысалы, жалғаулықтармен) қолданбаңыз. Түйін сөздерді құрған кезде, дерексіз мағыналы сөздерден немесе басқа ғылыми пәндерде қолданылатын терминдерден аулақ болу керек.

4.4.4 Рубрикаторлар кодтары.
Рубрикаторлар кодтарын көрсетіңіз.

– МҒТАР(МРНТИ) коды – http://grnti.ru

– Экономикалық әдебиетті жіктеу кодтары (JEL Classification Code). Кемінде 3 JEL кодын көрсету керек. https://www.aeaweb.org/jel/guide/jel.php

4.4.5 Кіріспе. Алдыңғы ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, жұмыстың мақсатын, оның маңыздылығын көрсетіңіз, алайда әдебиеттерге егжей-тегжейлі шолу жасаудан аулақ болыңыз.

4.4.6 Әдебиеттерге шолу. Теориялық негізін сипаттаңыз және бұрынғы зерттеулерге толық әдеби шолуын немесе олардың қысқаша түйінін жасаңыз.

4.4.7 Әдіснама. Басқа зерттеушілердің оны көбейтуіне мүмкіндік беру үшін деректер көздерін және зерттеу әдіснамасын сипаттаңыз.

4.4.8 Нәтижелер мен талқылаулар. Нәтиежелер айқын және қысқа болуы керек. Нәтижелердің маңыздылығын көрсету үшін жеткілікті талдаулармен қамтамасыз етіңіз. Нәтижелерді талқылау кезінде басқа ғылыми зерттеулермен салыстыруға сүйеніңіз (олардың нәтижелері, әдіснамалары, шектеулері және артықшылықтары).

4.4.9. Қорытынды. Алдыңғы бөлімдердің нәтижелері бойынша қорытынды жасай отырып, негізгі тұжырымдарды, нәтижелердің қолданыс саласы және сферасын (implications) және шектеулерді (limitations) көрсету керек.

4.4.10 Әдебиеттер тізімі.

МАҢЫЗДЫ: Әдебиеттер тізімі – бұл халықаралық ғылыми дәйексөз базаларына жылжыту құралы және автордың ғылыми ойөрісінің индикаторы. Әдебиеттер тізіміндегі шетелдік дереккөздердің саны ғылымның жетістіктері туралы хабардар болуды, сонымен қатар тақырыпты игеруін көрсетеді. Соңғы 3-5 жыл ішінде жарияланған дереккөздерді пайдалану ұсынылады.
Автордың өз жұмысына сілтеме жасауы – әдебиеттер тізіміндегі дереккөздердің 30%-дан аспауы тиіс. Мақала мәтінінде әр дереккөзге сілтеме болуы керек – шаршы жақшада.
Конференция баяндамалары сілтемелер тізіміне тек егер олар қол жетімді болса және Интернетте іздеу жүйелерімен анықталған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін – бұл ретте URL мен шыққан күні көрсетіледі;

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНЕ КІРМЕЙДІ:
• нормативтік және заңнамалық актілер (қаулылар, заңдар, нұсқаулықтар және т. б.));
• сөздіктер, энциклопедиялар, басқа анықтамалықтар;
• баяндамалар, есептер, жазбалар, баянаттар, хаттамалар.
Осы сынды дереккөздердің барлығына мақала мәтініндегі парақ соңына ескертулер жасалады.

5. СУРЕТТЕРДІ, КЕСТЕЛЕРДІ, ФОРМУЛАЛАРДЫ, ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІН РӘСІМДЕУ
5.1 Суреттер, графиктер, сызбалар
Схемалар, графиктер, диаграммалар, суреттер қара-ақ түсте келесілерді қолдана отырып рәсімделуі тиіс:

  • MS Word мәтіндік редактор құралдарын;
  • MS Excel қосымшасының құралдарын;
  • векторлық графика бағдарламаларын (AdobeIllustrator, CorelDraw) (растрлық емес сурет).

Суреттер өңдеуге болатын пішімдерде ұсынылуы керек. Суреттердің шрифт өлшемі кемінде 10. Мәтіндегі барлық графикалық материалдарға сілтеме жасалады – (сурет 1).
Графикалық материал мәтінде бірінші ескертілгеннен кейін орналастырылады. Суреттің төменгі жағында деректер көздерін және басқа қажетті ақпаратты немесе түсіндірмелерді көрсететін «Ескертпе» жазылады.
Суреттің атауы Ескертпеден кейін ортаға тураландырылып орналастырылады. Сурет атынан кейін нүкте қойылмайды. Мақала мәтіні бойынша суреттер ретімен нөмірленеді.
Үлгі: Сурет 1 – Сурет атауы


5.2 Кестелер
Кестелер MS Word «Кесте» мәзірінің құралдары арқылы жаслады. Кестеде қолданылатын шрифт мөлшері 10-нан кем болмауы қажет. Мәтіндегі барлық кестелерде сілтемелер болуы керек – (кесте 1). Кестелер ретімен нөмірленеді.
Кесте атауы абзац шегінісінсіз сол жаққа тураланды.
Әрбір кестеден кейін дереккөздерге сілтеме көрсетілген Ескертпе міндетті түрде жазылады.
Үлгі: Кесте 1 – Кесте атауы

5.3 Формулалар
Формулалар MachType бағдарламасында немесе Microsoft Equation арқылы теріледі және бүкіл мақала бойы бір стильде болуы тиіс. Мәтінде формулаларға сілтемелер болуы керек – (1). Формулалар оң жаққа қарай нөмірленуі керек.

Үлгі: (x + a) ^ n = ∑_ (k = 0) ^ n▒ ▒ (n¦k) x ^ ka ^ (n-k)〗 (1)

Мәтіндерді пайдалануды азайтыңыз, бірақ қолданылған барлық таңбаларды және аббревиатураларды түсіндіріңіз.

5.4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Әдебиеттер тізімінің барлық көздері ГОСТ Р 7.0.5–2008 сәйкес рәсімделеді.
Егер дереккөз қазақ/орыс тілінде жарияланса, онда ол алдымен түпнұсқа тілінде ресімделеді және транслитерацияда латын тіліндегі нұсқа беріледі. Мысалы:

  • түпнұсқада:
    Қурманова Г.К., Машанова С.А., Салимбаева Ш.Д. Қазіргі заманғы бюджет саясатының индикаторлары // Транзитная экономика. – 2016. – №2 (38). – Б. 77-84.
  • транслитерированная (через https://translit.net):
    Kurmanova G.K., Mashanova S.A., Salimbaeva Sh.D. (2016) Kazіrgі zamangy bjudzhet sajasatynyn indikatorlary// Tranzitnaja `ekonomika. – 2016. – №2 (38). – С. 77-84.

Мысалдар

  1. Екі авторлы монобасылымдар
    Альжанова Ф.Г., Днишев Ф.М. Креативті экономика: мәдениет, бизнес және технологиялар синергиясы (әлемдік тәжірибе және Қазақстан). – Вена, Австрия: «Восток-Запад» перспективалы зерттеулер және жоғары білім беру қауымдастығы, 2015. – 276 б.
  2. Үштен көп авторлар бар монобасылым
    Стратегии внутрирегионального экономического взаимодействия стран Центральной Азии в условиях глобальных вызовов / К.А. Туркеева, Г.А. Бодаубаева, Н.У. Багаева и др. – Вена, Австрия: Ассоциация перспективных исследований и высшего образования «Восток-Запад», 2015. – 216 с.
    Краткий экономический словарь / А. Н. Азрилиян и др. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Ин-т новой экономики, 2002. – 1087 с
  3. Жинақтағы мақалалар
    Кошанов А.К. Вехи развития науки в Институте экономики и ряд задач на новом этапе // Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 65-летию Института экономики КН МОН РК (10 ноября 2017 г.). – Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2018. – 524 с. – С. 31-38
  4. Журналдағы мақалалар
    Бримбетова Н.Ж. Региональная политика нового качества и факторы локализации наукоемких производств // Экономика: стратегия и практика. – 2018. – №3(47). – С. 77-87

5 Электронды ресурстарға сілтеме жасау ерекшеліктері

Интернеттегі сайттарға, интернет-көздерге сілтемелер (Интернетте орналастырылған авторлық мақалаларға, монографияларға және т.б. қатысты емес), нормативтік-құқықтық құжаттамаларға (заңдар, жарлықтар, актілер және т.б.), статистикалық жинақтар, газеттегі мақалаларға сілтемелер парақ соңына беріліп, әдебиеттер тізімінде көрсетілмейді. Түсініктемелерді қоса алғанда, барлық интернет-ресурстар үшін жарияланған күнін көрсету керек. DOI (digital object identifier) бар барлық электронды әдебиет көздері үшін оны библиографиялық жазбаның соңында берілуі тиіс.

Мысалдар
Егоров О.И. В Казахстане будет производиться дизтопливо нового класса – К4 и К5 // Курсив 2018 [Электронды ресурс]. URL:https://kursiv.kz/sites/default/files/fresh1516247018.pdf (жарияланған күні: 18.02.2018).МАҚАЛАНЫ ҚАРАУ САЯСАТЫ
Көрсетілген талаптарға сай келмейтін қолжазбаларды редакция қарамайды.

Егер мақала қабылданбаса, редакторлар бас тартудың себептері туралы пікірталаспауға құқылы.

Рецензиялауға қабылданған мақалалар «екі жасырын» рецензиядан, ғылыми және әдеби редакциялаудан өтеді.
Рецензиядан кейін мақала авторға қайта қарау және келісу үшін жіберіледі.
Аяқталған қолжазбаны редакторға 5-7 жұмыс күні ішінде жіберу керек.
Мақаланың соңғы нұсқасын автор жеке кабинет арқылы электронды мекен-жайға хабарлама жібереді.
Баспа мақалаға оң қорытынды жасаған кезде қолжазбаны жариялау кезегін анықтау құқығын өзіне қалдырады.
Редакциялық алқа қалауы бойынша авторларға мақаланы ағылшын тіліне аударуды ұсына алады, бұл туралы авторлар уақтылы хабарлама алады, содан кейін редакцияға ағылшын тіліне кәсіби аударылған мақалаларды жібереді.

6. ЖАРИЯЛАУ ШАРТТАРЫ


«Экономика: стратегия және практика» журналы – ашық қолжетімділік журналы. Алайда, жариялау процесі қолжазбаларды өңдеу, редакциялау, жариялау, мұрағаттау және қажет болған жағдайда авторға бір данасын беру сынды шығындармен байланысты. Осы шығындарды жабу мақсатында журнал жариялау үшін ақы алады. Жарияланым үшін төлемді зерттеуді қаржыландыратын ұйым да, автор да жүзеге асыра алады.

Жариялау құны бір қолжазбаны жариялау 20 000 теңгені құрайды және тегін авторлық дана беріледі.

Төлем мақаланы жариялауға қабылданған жағдайда алынады. Корреспондент автор жарияланғанға дейін төлемді жүргізуге жауапты.

7.1 Банктік аударым

Төлем реквизиттары:
Банк реквизиттары
«ҚР БҒМ ҒК Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (ШЖҚ РМК)
Қазақстан, Алматы қ., 050010, Құрманғазы, 29
БСН 990340001449
ЖСК: KZ696010131000009277
БСК: HSBKKZKX, КБЕ 16, КНП 861, «Қазақстан халық банкі» АҚ, Алматы қ.

7.2 Банктік карталар: Visa, MasterCard

7.3 Онлайн-төлемhttp://jesp.ieconom.kz/kak-oplatit-statju/