Спанов М.У., Кусмолдаева Ж.Н.
Түйін
Ғылыми жұмыста денсаулық сақтау саласындағы инновациялардың мәні мен маңызы, осы саладағы инновацияларды басқару жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылған. Сондайақ, авторлар денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті басқарудың тиімділігін бағалау әдістерін ұсынған. Зерттеу барысында отандық денсаулық сақтау саласы экономикалық және әлеуметтік дамудың драйверлері ретінде бағаланып, бұл салада инновациялардың үлесі жоғары екендігі анықталған. Авторлар отандық денсаулық сақтау жүйесіне мемлекет тарапынан белсенді түрде қолдау көрсетілетіндіктен, мұнда яғни денсаулық сақтау саласындағы мекемелерде инновацияларға бөлінетін қаржы көлемі жоғары екенін айқындаған. Ал бұл өз кезегінде саладағы инновацияларды басқарудың өзектілігін күшейтеді. Сондықтан зерттеудің авторлары таңдалған саладағы кемшіліктерді анықтап, мұндағы инновацияларды басқарудың тиімділігін бағалау әдістерін ұсынып, осы тиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды басқарудың жаңа жүйесін ұсынған.
Түйін сөздер: денсаулық сақтау жүйесі, инновациялық басқару, тиімділік, тиімділікті бағалау.