Сатыбалдин Ә.Ә., Тамаровский М.В., Сиволап В.Н., Шинкарев И.А.
Түйін
Зерттеудің мақсаты кеңейтілген ұдайы өндіріс және жануарлардың жоғары генетикалық мәртебесін сақтау әдісімен етті мал табындарын құруға инвестицияларды пайдаланудың оңтайлы шешімдерін табу болып табылады. Ғылыми және статистикалық материалдарды өңдеу бенчмаркинг элементтерді қолдану арқылы салыстырмалы талдау әдісімен жүзеге асырылды. Жоспарланған көрсеткіштерді есептеу кезінде нормативті, есептеу-аналитикалық және оңтайландыру әдістері қолданылды. Мақалада етті ірі қара шаруашылығын дамытуға арналған қолданыстағы бағдарламалардың нәтижелері келтірілген. Етті ірі қара мал табынының қалыптасуы үшін есептелген көрсеткіштер және сатылымның мүмкін көлемін ескере отырып, несиелік қарызды төлеу кестесі келтірілген. Несиені өтеудің қолданыстағы кезеңдерімен кәсіпорындар алынған жас малдың көп бөлігін сатуға мәжбүр екендігі анықталды. Бұл табынның ұлғайтылған ұдайы өндірісінің мүмкіндіктерін шектейді, ал табынға мал басын толықтыру үшін енгізілген мал санының көптігі малдың генетикалық мәртебесінің төмендеуіне әкеледі. Сату көлемі мен мерзімдерін ескере отырып, инвестициялық параметрлерге келетін болсақ, негізгі қарызды және несие бойынша сыйақы төлеуден 6-7 жылға дейін босату қажет. Барлық жобалық параметрлері әртүрлі етті мал табындары бар кәсіпорындарға бейімделуі мүмкін. Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін ұзақ мерзімді несие ресурстарын қалыптастыру қажеттілігі көрсетілген. Бұл несиелік ресурстарға деген сұранысты азайтады және шаруашылық субъектілеріне етті малдың тұқымын көбейтуге ынталандырады.
Түйін сөздер: инвестициялар, несиені өтеу мерзімдері, етті мал, кеңейтілген ұдайы өндіріс, «ұзақ ақша».
Сілтеме жасау
А.А. Сатыбалдин, М.В. Тамаровский, В.Н. Сиволап, И.А. Шинкарев Оптимизация инвестиционных параметров при формировании стад мясного скота методом расширенного воспроизводства // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 4 (14) — С. 9-21.