Шекаралас аумақтарды дамыту контексіндегі көрші мемлекеттердің шекаралық қатынастары: теориялық аспектісі (Қазақстан мен Қытай мысалында)

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_1_T11

Алшимбаева Д.У., Мырзахметова А.М., Еримпашева А.Т.

Мақаланың мақсаты – көрші мемлекеттер арасындағы аймақтық ынтымақтастықты тереңдету жағдайында трансшекаралық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын жүзеге асыруды негіздеу. Зерттеудің мақсаты трансшекаралық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын анықтаудың негізгі тәсілдерін негіздеу болып табылады. Әлемдік процестердің өсіп келе жатқан серпіні көпжақты және екі жақты ынтымақтастық негізінде өзара әрекеттестіктің жаңа нысандарын туғызатыны анықталды. Сонымен бірге трансшекаралық қатынастар форматында жаңа бастамалар ұсынылуда. Бұл жағдайда көрші мемлекеттер арасындағы аймақтық ынтымақтастықты тереңдету аясында бірлескен инфрақұрылымдық сауда және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру негізінде «жергілікті» өсу нүктелерін құруға болатын шекаралық аймақтар ерекше рөл атқарады. Халықаралық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және Қазақстан Республикасының «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен шекарааралық өзара іс-қимылдың күшеюі жағдайында еліміздің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Түйін сөздер: трансшекаралық ынтымақтастық, шекарааралық ынтымақтастық, еркін экономикалық аймақтар, сыртқы экономикалық байланыстар

Сілтеме жасау

Д.У. Алшимбаева, А.М. Мырзахметова, А.Т. Еримпашева Трансграничные связи сопредельных государств в контексте развития приграничных территорий: теоретический аспект (на примере Казахстана и Китая) // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 1 (15) — С. 153-163.