Бюджет саясатының тиімділігі мен нәтижелілігі индикаторлар жүйесін пайдалана отырып

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T3

Курманова Г.К., Суханбердина Б.Б., Уразова Б.А., Машанова С.А., Салимбаева Ш.Д.

Түйін

Қазақстан Республикасының одан әрі көпвекторлы дамуы жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қаржы ресурстарын жоғары нәтижелі пайдалану сияқты қаржы саясатының бағытына байланысты. Мемлекеттік шығыстарды басқарудың тиімділігі мәселелері – елдің бюджеттік құрылымына қарамастан барлық елдердегі бюджет саясатының квинтэссенциясы. Теориялық және эмпирикалық базаны шолудың қол жеткізілген деңгейі индикаторлық жүйе негізінде бюджет саясатын іске асыру тетігін негіздеу үшін қызметтің ғылыми өрісін көрсетеді. Зерттеудің әдіснамалық негізін жұмыстың мақсатына (талдау, синтез) қол жеткізу үшін жалпы ғылыми талдау әдістерінің жиынтығы, экономикалық және статистикалық талдаудың қазіргі заманғы әдістері құрады. Мақалада «Азаматтық бюджет» статистикалық деректері негізінде жергілікті бюджеттің қаржылық тұрақтылығы индикаторларының вариативті талдауы жүзеге асырылды, бюджеттің нақты шығыстары мен әлеуметтік саясатқа әсер ету арасындағы корреляциялық байланыс есептелген. Динамикалық есептеулерде мынадай көрсеткіштер – бюджеттік симметрия индикаторлары, кіріс әлеуетінің индикаторлары, бюджеттік қамтамасыз ету индикаторлары пайдаланылды. Индикаторлардың шекті мәндері, атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының бюджеті үшін кіріс әлеуеті, бюджеттік қамтамасыз етілуі сан жағынан есептелген және негізделген. Бюджеттік индикаторлар қаржылық жағдайдың үш деңгейінің қайсысына талданып отырған жергілікті бюджет жататынын анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу (бұдан әрі – НББ) жүргізілген бюджеттік шығыстарға сәйкес тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында ұйымдарға, халыққа бюджеттік қызметтер көрсету арқылы бюджет қаражатын мемлекеттік саясаттың басты тармақтары бойынша нысаналы бөлуге әкелетін бюджет шығыстарын басқарудың осындай әдісі болып табылады деп айтуға болады.

Түйін сөздер: бюджет, бюджеттік шығындар, бюджеттік саясат, тиімділігі, нәтижелілігі, индикатор, жоспарлау.

Сілтеме жасау

Gulnara K. Kurmanova, Bibigul B. Sukhanberdina, Bakit A. Urazova, Samal A. Mashanova, Sholpan D. Salimbaeva. The efficiency and effectiveness of public policy using the system of indicators // Economics: strategy and practice. — 2020 — № 3 (15) — p. 39-51.