Жоғары білім беру жүйесін бағалау ерекшеліктері

Сатыбалдин А.А., Кирдасинова К.А., Мухияева Д.М.

Түйін

Білім беру жүйесінің, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуі қазіргі әлемдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты белсенді талқыланатын тақырыптардың бірі болып табылады. Елдің мәртебесі оның білім беру әлеуетін іске асыру деңгейімен анықталатыны белгілі, оның негізгі көрсеткіші әлемдік рейтингтердегі жоғары оқу орнының рейтингі болып саналады. Жоғары оқу орнын әлемдік сарапшылардың бағалауына қосу және жетекші әлемдік университеттермен тең немесе салыстырылатын берік ұстанымның болуы елдің жоғары білімінің бәсекеге қабілеттілігінің белгісі және жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігі мен инновацияларды уақтылы енгізудің нәтижесі ретінде қарастырылуы мүмкін. ТМД мемелкеттеріндегі университеттер лайықты орын алып, осы елдердегі білім беру реформаларының тиімділігін сипаттайтын оң динамиканы көрсете алды. Аталған мақаланың авторлары жоғары білім беру саласының даму ерекшелігімен өзара байланыста жоғары білімнің халықаралық бағалау рейтингтеріндегі жоғары оқу орындарының динамикасын талдау нәтижелерін ұсынды.

Түйін сөздер: білім беру, халықаралық рейтингтер, білім беру менеджменті, Ұлттық университет, посткеңестік кеңістіктегі жоғары білім.

Сілтеме жасау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_4_T1

Сатыбалдин А.А., Кирдасинова К.А., Мухияева Д.М. Жоғары білім беру жүйесін бағалау ерекшеліктері // Экономика: стратегия және практика. — 2020 — № 4 (15) — б. 11-20.