Қазақстандағы халықаралық еңбек миграция ерекшеліктері және ЕАЭО елдерінің еңбек мигранттарын әлеуметтік сақтандыру перспективаларын құру

Татибеков Б.Л.

Түйін

Мақала ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарын қалыптастыруда еңбек көші-қонының неғұрлым маңыздылығына назар аударады. Еңбекте гравитацияның жалпы заңдарының әрекетіне сүйене отырып, Қазақстандағы ресми еңбек көші-қонын дамыту тұрғысынан олардың көрініс табуының практикалық мысалы келтіріледі. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде еңбек мигранттарын әлеуметтік сақтандырудың бірыңғай халықаралық жүйесін құру қажеттілігі негізделеді. Оны құрудың негізгі себебі оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ олардың бейресми жұмыспен қамтылуын заңдастыруды ынталандыру болуы тиіс.

Түйін сөздер: еңбек миграциясы, гравитациялық күштер, әлеуметтік сақтандыру, Еуразиялық экономикалық одақ, ресми жұмыспен қамту.