М.Ж. Құттыбай
Түйін
Қазақстанда мемлекеттік-жеке серіктестіктің маманданған институттарының бірі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың құрылу және қызмет атқару ерекшеліктері қарастырылған. Пайымдас ұйымдардың шетелдік құрылу тәжірибесін қарастыру негізінде олардың қызмет атқару артықшылықтары мен мәселелері айқындалған. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қазақстандық үлгісі коммерциялық емес корпорация түрінде құрылғанымен, пайда табу мақсаттарын көздеп, түскен табысты өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестициялау міндеттерін шешуге бағытталған. Өңірлік даму институттары дамуының әлемдік тәжірибесін жалпылау негізінде, Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамушы елдерге тиісті соңғы даму үлгісінде бизнес-серіктестік формасында құрылуы анықталған. Бұл ерекшелік, бір жағынан, біздің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға алдыңғы қатарлы тетіктерді қолдануға мүмкіндік берсе, басқа жағынан, эволюциялық емес
түрде жедел соңғы сатыға көшу олардың оперативті функционалы үшін белгілі бір шектеу болып табылады.
Түйін сөздер: мемлекеттік-жеке серіктестік, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар