Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің желілік өзара әрекеттесу құрылымдарын пайдалану перспективалары

Г.А. Наметова

Түйін

Бұл мақаладағы зерттеудің мақсаты – ауыл туризм саласында қазақстандық шағын бизнес өкілдерінің өзара әрекеттесуінің аймақтық желісін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. «2019-2023 жылдарға арналған Қазақ- стан Республикасының сыртқы және ішкі туризмін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жобасына сараптама жүргізіліп, жобаның маз- мұны бойынша жаңа ұсыныстарға негіздеме берілді. Ауыл туризмін дамытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылды. Қазақстанның туроператорлары басшыларының және ауылтуризмі саласындағы шағын кәсіпкерлік өкілдерінің сауалнамалары қаралды. Ауыл туризмі саласындағы қазақстандық шағын бизнес өкілдерінің аймақтық желідегі өзара іс-қимылын дамытудың негізгі бағыттары негізделген.

Түйін сөздер: туризм индустриясы, ауылдық туризм, желілік құрылымдар, шағын бизнес,