Коммуналдық қызметтер арқылы тұрақтылыққа қол жеткізу: Dewa Dubai басқалардан несімен ерекшеленеді

Mohan Lal Agarwal, Sayel Sabha

Түйін

Бұл ғылыми жұмыста қоғамдық ұйымдар қызметінің жасыл тұрақты өсімге ықпал етуіне талдау жүргізіліп, сондай-ақ, соңғы DubaiElectr icityandWaterAuthority (DEWA) инновациялары зерттеледі. Мақала авторлары DEWA-ның тұрақты өсу бойынша міндеттің маңыздылығына назар аудара отырып, өзінің қоғамдық және пайдалы рөлін кеңейткенін сипаттайды және тұрақты қоғам мен коммуналдық ЭКО-кеңістікте жаңа халықаралық стандарттарды ендіруге мүмкіндік беретін үздік әлемдік тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасау арқылы қолданыстағы тәжірибені саралаған. Соңғы жылдары DEWA Дубай әмірлігін жасыл орбитаға кіргізу үшін тұрақтылық, сапа және жетілдіру саласындағы бірқатар бастамаларды іске асырды. Біздің зерттеу өніміміз DEWA-ның тұрақты даму саласындағы міндеті мен көзқарасын, оның қалай басқалардың нысандарын саралап, тұрақты даму саласындағы екі бастаманың мүдделі тараптарға ықпалын өлшейтінін айқындайды.

Түйін сөздер: энергетикалық стратегия, тұрақтылық, Дубайдың (DEWA) су ресурстары мен электр қуатын басқару, Дубайдың күн паркі, озық өлшеу инфрақұрылымдары

Сілтеме жасау

Mohan Lal Agarwal, Sayel Sabha Sustainability thru’ public utilities how DEWA Dubai differentiates from others // Economics: strategy and practice — 2018 — № 4 (48) — p. 24-30.