Қала агломерациясы: тарихы мен Қазақстанда даму мүмкіндіктері

Бибатырова А.И., Сынсызбаева Г.Н.

Түйін

Мақалада «қалалық агломерация» ұғымының қалыптасу тарихы мен анықтау тәсілдемелері қарастырылған және оның мазмұны бойынша авторлық түсініктеме ұсынылған. Агломерацияларды ел экономикасының өсу нүктелері ретінде қалыптастыру мен дамытумен қоса, олардың даму деңгейі мен мамандануына қарай тиімді орналастыру қажеттілігі негіздел- ген. Ел аймақтарының аумақтық әртектілігін төмендету мен оңтайлы кеңістіктік таралу факторы ретіндегі алматылық және астаналық агломерациялардың қалыптасу рөлі көрсетілген. Авторлар қалалық агломерацияларды қалыптастырудың оң тұстарын атап өткен, сондай-ақ, агломерациялық дамудың келесідей теріс салдары да көрсетілген: ауылшаруашылық алқаптары мен орман алабының қысқаруы, аймақтардың экономикалық теңсіздігі, экологиялық ахуал және т.б.

Түйін сөздер: қалалық агломерация, моноцентрлік және полисантикалық агломерациялар, демографиялық әлеует, аймақтық мамандандыру, агломерация әлеуеті.