Экономика институты қызметінің 2018 жылғы негізгі бағыттары мен нәтижелері

Сатыбалдин А.А.

Түйін

Жұмыста ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының 2018 жылғы ғылыми-ұйымдастырушылық қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелері қарастырылған. Материалда Институттың гранттық зерттеулер мен бағдарламалы-нысаналы зерт- теулер жобаларын орындау тақырыптары көрсетілеген. 2018 жылғы жүргізілген зерттеулердің негізгі нәтижелері мынадай бағыттарды қамтыды: ғылыми сыйымды экономиканы өлшеу теориясын, тұжырымдамасын, әдіснамасын әзірлеу, талдау және бағалау; Қазақстанда ғылымның цифрлық дайындығын талдау, ақпараттық жүйе сәулетін әзірлеу; ел және аймақ деңгейінде зияткерлік әлеует пен кәсіби бейнені бағалау әдістемесін әзірлеу; шекара маңы аудандар экономикасының депрессиялылық белгілері мен ерекшеліктерін, теориялық ережелерін негіздеу; ұлттық кадрлардың бәсекеге қабілеттігін арттырудың жаңа саясатының тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу; металлургия кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын оны стратегиялық басқарудың теориялық негіздерін негіздеу.

Түйін сөздер: Экономика институты, ғылымизерттеу жұмыстары, зерттеу нәтижелері, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру