С.С. Ыдырыс, Р.И. Ерманкулова, Бюлент Шен
Түйін
Ақпараттық технологияның жедел дамуы және коммерциялық мақсаттарда Интернетті белсенді пайдалану барысында сауда жүйесінің өзгеруі және трансформациясы орын алып отыр. Бүгінде жаңа әлемдік нарықта электрондық коммерция нарығы пайда болды. Барлық елдер осы нарықта өз орындарын алуға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға тырысуда. Электрондық коммерция бөлшек сауданы жандандыруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, сайып келгенде бүкіл экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін драйверлердің бірі болып табылады.
Мақалада бүгінгі таңда сауда қызметін жүргізудің тиімді құралы ретінде электрондық сауданың рөлі туралы заманауи түсіндірмелер қаралған. Сонымен қатар қазақстандағы электрондық сауданың орны, әлемдік нарықтағы оның даму үрдістері мен перспективалары анықталған. Зерттеу нысаны ретінде электрондық коммерцияның секторларының бірі бөлшек электрондық сауда, интернет-дүкендер қарастырылған. Қазақстанда электрондық сауда айналымы соңғы жылдары біршама артып келеді, бірақ бұл жерде көңіл аударатын бір мәселе – аймақтарды цифрландырудағы теңсіздіктердің орын алуы. Сонымен қатар Қазақстанда шетелдерден сатып алулар санының өте қарқынды өсуі байқалуда. Өз кезегінде шетелге сатулар саны өте төмен деңгейде. Мақалада нарықтың даму ерекшеліктері мен негізгі бағыттарын анықтай отырып, электрондық сауданы дамытудың өзекті мәселелері қаралды, оларды шешу жолдары ұсынылды.
Авторлар зерттеуді түйіндей келе, электрондық сауда қарқынының соңғы жылдары артуына байланысты әлемдік нарықта қазақстандық электрондық сауданың келешегі мен мүмкіндіктері өте жақсы екенін атап өтті. Ол үшін электрондық сауда жүйесін ынталандырудың жаңа құралдарын енгізу, электрондық сауда қызметін қамтамасыз етуші инфрақұрылымды жетілдіру электрондық сауда қызметін дамытудағы тиімді шаралардың бірі болып табылады.
Түйін сөздер: электрондық коммерция, электрондық сауда, ақпараттық технологиялар, интернет-технологиялар, интернет-дүкендер.
Сілтеме жасау
С.С. Ыдырыс, Р.И. Ерманкулова, Бюлент Шен Қазақстандағы электрондық сауданың қазіргі таңдағы даму тенденциялары мен келешегі // Экономика: стратегия және практика — 2019 — № 1 (14) — б. 123-134.