Тлеубердинова А.Т., Шаекина Ж.М., Салауатова Д.М.
Түйін
Қазіргі заманғы туристік бизнес экономиканың ең ірі және тез өсетін секторларының бірі болып табылады. Жиі туризм индустриясы қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің делдалы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, туризм шетел валютасын тарту жолымен жалпыұлттық бірлестікті қолдауға, мәдени қызмет пен дәстүрлі қолөнерді көтермелеуге, қызметтердің әртүрлі секторларының өмір сүруіне елеулі ықпал етуге қабілетті. Туризм индустриясы басым түрде әлеуметтік мәселелерді жоюға қабілетті, мемлекеттің дамуына және жалпы ішкі өнімнің өсуіне әкелетін бюджетті толықтыруға түрткі болатын туристік кәсіпкерлікті дамыту есебінен жұмыс орындарын құру жұмыссыздық деңгейін т өмендетуде елеулі рөлге ие. Жұмыстың мақсаты Қазақстан өңірлеріндегі туризм саласындағы кәсіпкерлік белсенділіктің даму деңгейін анықтау. Зерттеу топтау, динамика қатарлары негізгі статистикалық әдістерді қолдануға негізделген. Мақалада соңғы 5 жылдағы динамикадағы туризм түрлері бойынша туристік ағындарға, жалпы ішкі өнімдегі туризм үлесіне, туризм саласындағы белсенді субъектілер санына талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесі ретінде туризмдегі кәсіпкерлік белсенділікті дамыту бойынша Қазақстан облыстарының рейтингі, туризмдегі кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін факторларды анықтау, туристік дестинациялар ретінде облыстардың тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар алынды. Зерттеу нәтижелерін қолдану саласы туристік индустрия субъектілерінің қызметі болып табылады: Мәдениет және спорт министрлігі, туризмді дамыту жөніндегі басқармалар, туроператорлар мен турагенттер, салалық ұйымдар, тұтынушылар. Зерттеу нәтижелері 2023 жылға дейін туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Түйін сөздер: кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпкерлік белсенділік, туризм саласы, туристік ағындар, аймақтық дамуы.
Сілтеме жасау
А.Т. Тлеубердинова, Ж.М. Шаекина, Д.М. Салауатова Анализ предпринимательской активности в сфере туризма регионов Казахстана // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 2 (14) — С. 141-154.