Индустрия 4.0 жағдайында жеткізу тізбегін басқару: жүйелі әдебиет талдауы

Молдабекова А.Т.

Түйін

Индустриялдық даму, технологиялық жаңғыру логистика саласымен де сабақтасып жатыр. Төртінші индустриялдық революция логистика, соның ішінде жеткізу тізбегін басқаруға қатысты жаңа жағдайлар туғызуда. Осы тұста бұл зерттеу мақаласының мақсаты: «өнеркәсіп 4.0» жағдайында жеткізу тізбегін басқаруға қатысты әдебиеттерге шолу жасап, негізгі зерттеу тақырыптарын айқындау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі библиографиялық талдау әдісі қолданылды: Web of Science (WoS) және Scopus базаларынан кілт сөздер арқылы материалдарға іздеу жүргізілді, табылған материалдарға жылдар, салалар, өнімді авторлар, мемлекеттер бойынша библиографиялық талдау жасалынды. Пәндер бойынша шектеулер қойылып, ең сілтемесі көп материалдар іріктелді. «Өнеркәсіп 4.0» жағдайында жеткізу тізбегін басқару бойынша авторлардың зерттеулері мына бағыттар бойынша екендігі анықталды: жеткізу тізбегіндегі жаңа трендтер; «ақылды» өндірісті ұйымдастыру; «үнемді», экологиялық тұрақты өндірісті ұйымдастыру; өндірісті басқару мәселелері (industrial management); жеткізу тізбегіндегі жаңа технологиялар (Internet of things (IoT), Big Data, Cloud computing, cyber-physical systems, Automation systems, RFID, Mobile app және т.б.). Аталмыш технологияларды қолдану жеткізу тізбегін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жеткізу тізбегін басқару жүйесін экономиканың өңдеуші өнеркәсіп саласына енгізудің артықшылығы көп. Өндіріс орнын шикізатпен жабдықтаудан бастап, өнім өндірісі кезеңін, дайын өнімді бөлшек саудаға бөлу, тұтынушыға дейін жеткізуде жаңа технологияларды қолдану өнімнің өзіндік құнының төмендетуге әсер етеді, нәтижесінде кәсіпорынның бәсекеге қабілетттілігі артады.

Түйін сөздер: индустрия 4.0, логистика 4.0, жеткізу тізбегін басқару

Сілтеме жасау

А.Т. Молдабекова Индустрия 4.0 жағдайында жеткізу тізбегін басқару: жүйелі әдебиет талдауы // Экономика: стратегия және практика. — 2019 — № 2 (14) — б. 167-184.