Замануи жағдайындағы адам капиталын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі

Багаева Н. Ұ., Жанғалиева Қ.Н.

Түйін

Ғылыми мақаланың мақсаты ғылыми сыйымды экономиканың даму жағдайында адам капиталын қалыптастырудағы шетелдік тәжірибені зерттеу, оның негізгі өсу көздеріне білім өндірісі, ақпараттық технологиялардың дамуы, ҒЗТКЖ аясының кеңеюі, адам капиталын жинақтау болып табылады. Зерттеу барысында салыстырмалы және логикалық-құрылымдық талдаулар, жүйелі тәсілдер қолданылды. Мақалада АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және Қытай Халық Республикасы сияқты елдердің адами капиталының қалыптасу зерттеулерінің нәтижелері келтірілген. Ғылымисыйымды экономика жағдайында осы мемлекеттерде алдыңғы қатарлы міндеттеріне инновациялық инфрақұрылымның дамуымен қатар, адам капиталының дамуы жатады, соның ішінде оның зияткерлік, ұйымдастырушылық құраушысы. Авторлар ғылыми сыйымды экономиканың табысты дамуы көбіне адам капиталына бағытталған қаржыларға байланысты, ал адами капиталдың жоғары сапасы ғылыми-техникалық инновациялық қызметтің дамуы үшін негіз болатынын көрсеткен. Мақалада іргелі зерттеулер және ғылыми-техникалық өнімдер саласында басты рөлді мемлекеттік қолдау атқаратындығы көрсетілген. Сонымен қатар, мақалада білім, икемділік және дағдыларды алу және жинақтауды қамтамасыз ететін маңызды құраллдандың бірі болатын осы мемлекеттердің білім беру саласына ерекше көңіл бөлінген. Адами капитал дамуының арқасында қызметкерлер жаңа технологиялар мен өнімдерді тек жасап, әрі таратып ғана емес, сонымен қатар инновацияға сұраныс тудырту арқылы, жаңа технологияларды табысты меңгеріп, олардың өндіріс және күнделікті өмірге енгізуіне мүмкіндік туғызады.

Түйін сөздер: ғылыми сыйымды экономика, адами капитал, инновациялық қызмет, адами даму индексі, білім беру, ғылым.

Сілтеме жасау

Н.Ұ. Багаева, Қ.Н. Жанғалиева Замануи жағдайындағы адам капиталын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі // Экономика: стратегия және практика. — 2019 — № 2 (14) — б. 125-139.