Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасы мысалында жасыл экономикадағы шығандарды талдау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_1_T7

Тлеппаев А.М., Зейнолла С.Ж.

Түйін

Бұл зерттеудің мақсаты өнеркәсіптік қызметтен ластану деңгейінің алдын алу және азайту үшін әртүрлі шығындардың қажетті деңгейінің әсерін анықтау болып табылады. Зерттеу эконометрикалық модельдеу әдістерін, статистикалық және салыстырмалы талдауларды қолдана отырып жүргізілді. Қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, төмендетуге және жоюға тікелей бағытталған барлық іс-әрекеттерді инвестициялау моделі жасалды. Бұл модельдерді құру үшін келесі айнымалылар (факторлар) пайдаланылды: СО 2 шығарындыларының қарқындылығы, электр энергиясын тұтыну, электр энергиясын беру және бөлу кезіндегі шығындар, энергия сыйымдылығы және энергия тұтыну, қазіргі бағамен және жан басына шаққандағы ЖІӨ, қолданыстағы бағамен өнеркәсіптік өндіріс. Зерттеу нәтижелері энергия сыйымдылығы, пайдаланылатын энергия бірлігі үшін ЖІӨ деңгейі қоршаған орта шығындарының өзгеруіне әсер етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Болжамдалған модельге сәйкес қоршаған ортаны қорғауға шығындарды арттыру қажеттілігін көрсететін қоршаған ортаға қажетті инвестициялардың мөлшері анықталды. Осылайша, инвестициялардың жалпы көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялардың үлесі бар болғаны 1% құрайды, «жасыл экономикаға» салынған инвестициялардың үлесі 0,7% құрайды. Нәтижелер экологиялық шығындарды жоспарлау және тұрақты дамудың инвестициялық индикаторларын анықтау үшін ұсыныстарды әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: модель, инвестиция, болжам, энергия тиімділігі, жасыл экономика.

Сілтеме жасау

А.М. Тлеппаев, С.Ж. Зейнолла Анализ затрат в зеленую экономику на примере Европейского союза и Республики Казахстан // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 1 (15) — С. 101-111.