Өзін-өзі жұмыспен қамту: теориялық негіздері мен проблемалары

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_1_T8

Сабирова Р.К., Джумаева А.К., Уталиева Р.С.

Түйін

Мақалада Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері қарастырылған. Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың даму тенденциялары, еңбек нарығының даму қарқынын тежейтін проблемалар мен факторлар келтірілген. Мақала авторлары өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелерін зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды статистикалық есепке алу мәселесін ашып көрсетеді, онда жұмыс берушілермен еңбек келісімшарты рәсімделмеген азаматтар «өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар» санатына жатқызылған. Жүйелілік талдау әдістерін қолдану Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Мақаланың мақсатына жетудегі қойылған міндеттер, жасалынған қорытындылар мен тұжырымдар қисынды және салыстырмалы талдау әдістеріне сүйенеді. Еңбек нарығын дамыту жөніндегі бағдарламалардың тиімділігін арттыруда өзін-өзі жұмыспен қамтудың нормативтік-құқықтық негіздерін жетілдіру, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың мәртебесін нақтылау, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету қажеттілігі көрсетілген. Авторлармен өңірлерде кәсіпкерлікпен айналысатын тіркелмеген адамдар мен бейресми жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлерді салықтық есепке алу және оларды зейнетақы, әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру жүйесіне енгізу бойынша практикалық қадамдарды жетілдіру ұсынылады.

Түйін сөздер: еңбек нарығы, өзін-өзі жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, еңбек, жұмыссыздық, жалдамалы жұмыскер.

Сілтеме жасау

Р.К. Сабирова, А.К. Джумаева, Р.С. Уталиева Өзін-өзі жұмыспен қамту: теориялық негіздері мен мәселелері // Экономика: стратегия және практика — 2020 — № 1 (15) — б. 113-125.