Қазақстан экономикасындағы шаруашылық субъектілерінің инновацияны қабылдау қәбілеттілігін бағалау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T16

Улыбышев Д.Н., Петренко Е.С., Жайлауов Е.Б., Кенжебеков Н.Д., Шевякова А.Л.

Түйін

Зерттеудің мақсаты – отандық инновациялық жүйенің әлеуеті мен нәтижелілігін талдау және бағалау арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының инновацияны қабылдау қабілеттілігін бағалау болып табылады.
Әлеует (зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардың саны, ҒЗТКЖ-мен айналысатын қызметкерлердің саны, ҒЗТКЖ-ға арналған ішкі шығындар, өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша берілген қорғау құжаттары, өнімдік және үдерістік инновацияларға арналған шығындар) және нәтижелілік (инновациялық белсенділік, жаңа технологиялар мен техника объектілерін құрған және пайдаланатын ұйымдардың саны, осындай технологиялар мен техника объектілерінің саны, өткізілген инновациялық өнім көлемі) көрсеткіштері топтарының негізінде авторлар жұмыспен қамтылғандардың санына қатысты үлестік көрсеткіштерді, одан кейін бұл көрсеткіштер индекстерге қайта есептеледі және 2008-2018 жылдар кезеңіндегі динамикада салыстырылады.
Мақалада «инновацияны қабылдау қабілеттілігі» ұғымы негізделеді. Инновациялық процестің негізгі субъектілері ашылады, олардың инновацияларды генерациялауға және инновациялық шешімдерді енгізуге қосқан үлесі сипатталады. Авторлар меншікті көрсеткіштер мен индекстік әдісті пайдалану арқылы инновацияны қабылдау қабілеттілікті бағалау әдістемесін әзірледі. Қазақстанның инновациялық жүйесінің әлеуеті мен нәтижелілігінің көрсеткіштерін есептеу жүзеге асырылды.
Қол жеткізілген нәтижелер әлеует индексі нашарлауға, нәтижелілік индексі – жақсаруға нақты үрдіске ие екенін көрсетеді. Индекстер арасындағы өзара байланыстың болмауы ғылым мен бизнестің ұлттық инновациялық жүйе шеңберіндегі өзара байланысты жоғалтатынын көрсетеді, Қазақстанның инновациялық дамуының негізі жеке инновациялық шешімдер емес, технологиялар трансферті болып табылады.

Түйін сөздер: ұлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ), инновацияны қабылдау қабілеттілігі, инновациялық әлеует, инновациялық процесс, ҰИЖ тиімділігі индексі, ҰИЖ әлеует индексі

Сілтеме жасау

Улыбышев Д.Н., Петренко Е.С., Жайлауов Е.Б., Кенжебеков Н.Д., Шевякова А.Л Оценка инновационной восприимчивости хозяйствующих субъектов в экономике Казахстана // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 187-201.