Экологиялық есептің жағдайы мен даму мәселелері: Қазақстанның тәжірибесі

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T12

Ердавлетова Ф.К., Жұмабаева М.Д., Нуркашева Н.С.

Түйін

Мақала экологиялық бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінің дамуын кешенді зерттеуге арналған. Зерттеу міндеті ретінде ҚР-дағы экологиялық есептің даму жағдайын бағалау әрекеттері анықталды.
Әр түрлі түсіндірмелерді талдау негізінде экологиялық бухгалтерлік есеп ұғымы қарастырылды: тұжырымдамалық сәттер бөлініп, анықтама берілді. Зерттеу барысында бақылау, салыстыру, сипаттау, жүйелік-аналитикалық тәсіл, теориялық жинақтау, салыстырмалы талдау, ғылыми абстракция, сараптамалық бағалау, себептер мен салдарларды талдау сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылды.
Авторлар компаниялар қызметінің экологиялық қауіпсіздігін және табиғат қорғау қызметінің нәтижелерін ескере отырып, экологиялық шығындарды жіктеу туралы ұсыныстарды тұжырымдады. Экологиялық есеп жүйесін енгізуде оның тиімділігі мен мүмкіндіктері ашылды. Экологиялық бухгалтерлік есептің мазмұнды жағын қалыптастыратын негізгі бағыттар нақтыланды, атап айтқанда: экологиялық шығындарды есепке алу және экологиялық міндеттемелерді есепке алу.
Зерттеу нәтижелерін басшылар, бухгалтерлер, бухгалтер-талдаушылар тәжірибеде қолдана алады. Зерттеу нәтижелерін іс жүзінде пайдалану көп жағдайда компаниялардың экологиялық қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін дұрыс анықтауға ықпал етуі мүмкін.
Мақалада экологиялық есеп дәстүрлі бухгалтерлік есептің бір бөлігі болып табылатыны туралы және оның барлық тұжырымдамалары мен принциптерін қолдануға тиіс екені анықталынды. Экологиялық есепке алу нәтижелері қаржылық есептілікте көрініс табуы тиіс. Мақалады экологиялық есепті дамыту проблемалары, яғни нормативтік актілердің болмауы; экологиялық міндеттемелерді құндық бағалаудың күрделілігі; табиғат қорғау шығындарын есепке алудың реттелмеуі, оларды өзіндік құнға жатқызудың негізсіздігі және т.б. анықталынды.

Түйін сөздер: экологиялық есеп, экологиялық шығындар, экологиялық шығындарды жіктеу, экологиялық міндеттемелер, табиғатты қорғау іс-шараларына арналған шығындарды бақылау

Сілтеме жасау

Farida. K.Yerdavletova, Myrzabike D. Zhumabayeva, Nursulu S.Nurkasheva State and problems of development of environmental accounting: experience of Kazakhstan // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 139-150.