Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту принциптері: шетелдік тәсілдер және Қазақстан

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T14

Қанапиянова К.Б., Рузанов Р.М.

Түйін

Қоғамның әлеуметтік кәсіпкерлікке ғылыми зерттеулердің жаңа бағыты ретінде, қызметтің практикалық түрі ретінде де қызығушылығы айтарлықтай өсуде. Әлеуметтік кәсіпкерлік деп экономикалық агенттердің коммерциялық қызметін дамыту арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған өзара байланысты қызмет түрлерінің жиынтығы түсініледі. Мақалада Еуропа, АҚШ-ты, Азия елдерін қоса алғанда, әлемдік кеңістікте әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту критерийлері қарастырылған, әлеуметтік бағдарланған қызметтің драйверлері айқындалған, сондай-ақ қазақстандық экономикадағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың мүмкін жолдары көрсетілген. Жүргізілген салыстырмалы талдау негізінде әлемдік кеңістікте әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері анықталды және әлеуметтік кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күштердің сипаттамасы ұсынылған. Әлемнің әр түрлі елдерінде әлеуметтік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы біркелкі емес сипатқа ие екендігі көрсетілген. Оның ерекшеліктері қолданыстағы институционалдық ортағ ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерліктің осы түрі қалыптасатын тарихи жағдайларға да байланысты. Сонымен қатар,әлеуметтік бағдарланған ұйымдарды құру үшін мұндай ұйымдарды құруға мүмкіндік беретін саяси және құқықтық орта қажетті шарт болып табылады, ал олардың табысты жұмыс істеуі мен дамуы үшін әлеуметтік-мәдени жағдайлар және әлеуметтік кәсіпкерлікті зерттеумен, оқытумен және қолдаумен айналысатын институттардың болуы маңызды. Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығы әлемдік кеңістікте әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде зерттеулерді жүйелендіруден тұрады. Практикалық маңыздылығы әр түрлі елдерде әлеуметтік кәсіпкерлікті енгізу тәжірибесін талдау болып табылады. Алынған зерттеу нәтижелері Қазақстан экономикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту
бағдарламаларын әзірлеу кезінде пайдалануға ұсынылған.

Түйін сөздер: әлеуметтік кәсіпкерлік, модель, мемлекеттік қолдау.

Сілтеме жасау

Қанапиянова К.Б., Рузанов Р.М Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту принциптері: шетелдік тәсілдер және Қазақстан // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 159-173.