https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T11
Туркеева К.А., Умарова Г.Х.
Түйін
Мақалада жоғары технологиялардың әлемдік нарықта даму ерекшеліктері талқыланады. Жоғары технология — замануи ең жаңа және прогрессивті технологиялар. Жоғары технологияларды пайдалануға өту ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) қазіргі кезеңдегі маңызды звеносы болып табылады. Қазіргі кезеңде дамыған және дамушы елдерде, атап айтқанда АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде технологиялық нарықтың дамуына талдау жасалды. Жоғары технологиялық нарықтың даму динамикасы бағаланып, қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде жоғары технологиялық өнім нарығының рөлі анықталды. Технологиялар нарығындағы жекелеген елдер рейтингінің позициялары зерттелді.Технологиялық индустрияның 4.0 әлемдік нарығындағы елдердің жағдайына ерекше назар аударылады. Нәтижесінде жаһандық жоғары технологиялық нарықтың даму тенденциялары негізделді, бұл бізге Қазақстанның басқа елдер арасындағы орнын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тақырыптың өзектілігі жоғары технологияны дамыту кәсіпорынның маңызды бағыттарының бірі және ел экономикасының жай-күйінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Түйін сөздер: әлемдік нарық, әлемдік экономика, жоғары технологиялар, жоғары технологиялық нарықтар, ғылыми-зерттеу және ғылыми зерттеулер
Сілтеме жасау
Туркеева К.А., Умарова Г.Х Жоғары технологиялардың әлемдік нарығы: ерекшеліктері мен даму болашағы // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 127-137.