Интеллектуалдық әлеуетті дамытудағы шетелдік прогрессивті тәжірибені зерттеу және оны Қазақстан жағдайларына бейімдеу жолдары

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T15

А.Б. Турысбекова

Түйін

Бұл мақала білім экономикасын қалыптастырудың негізі болып табылатын зияткерлік әлеуетті қалыптастыру мен дамытудың жолдарын қарастырады. Интеллектуалдық әлеует тұжырымдамасы анықталып, оның негізгі құрамдас элементтері ретінде ғылыми-техникалық, инновациялық, білім және мәдени әлеуеттер айқындалады. Ұлттың интеллектуалдық капиталы мен әлеуетін дамыту мәселелерін қарастыра отырып, интеллектуалдық әлеуетті дамытудағы шетелдің озық тәжірибелері зерттеледі. Нақты айтқанда, АҚШ, Жапония және Еуропалық Одақ секілді дамыған мемлекеттердің интеллектуалдық әлеуеттерін дамыту тәжірибелерінің жолдары зерттеліп, бұл тәжірибелердің Қазақстанда қолданылу мүмкіндігі талқыланады. Қазақстандағы интеллектуалдық әлеуеттің дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлар анықталып, олардың себептері талқыланады. Прогрессивті шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін арттыру үшін ұсыныстар жасалады.

Түйін сөздер: интеллектуалдық әлеует, зинтеллектуалдық капитал, инновация, ғылым, білім экономикасы, факторлар, кедергілер.

Сілтеме жасау

Турысбекова А.Б. Зияткерлік әлеуетті дамытудағы шетелдік прогрессивті тәжірибені зерттеу және оны Қазақстан жағдайларына бейімдеу жолдары // Экономика: стратегия және практика. — 2020 — № 3 (15) — б. 201-212 .