https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T14
Нургисаева А.А., Таменова С.С.
Түйін
Бұл зерттеудің мақсаты «жасыл» экономика тұжырымдамасына арналған жұмыстарды талдау, тұжырымдаманы әзірлеу эволюциясына қысқаша шолу, «жасыл» экономика, «жасыл» өсу және тұрақты даму ұғымдарының өзара байланысын анықтау болып табылады. «Жасыл» экономика тұжырымдамасы ХХ ғасырдың соңында өнеркәсіп пен экономикадағы қарқынды өсіп келе жатқан прогреске, қоршаған ортадағы теріс өзгерістерге әкеп соққан жер шары тұрғындарының ұлғаюына жауап ретінде пайда болды. Ғылыми қоғамдастық халықаралық ұйымдардың назарын қазіргі проблемаларға аударды. Нәтижесінде БҰҰ қамқорлығымен ЮНЕП қоршаған орта жөніндегі комиссия құрылды және 2009 жылы «жасыл» экономикаға анықтама берілді. «Жасыл» экономика қоғамның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу құралы болып табылады, бұл ретте жасыл өсу жасыл экономиканы дамыту стратегиясы болып табылады. Әдебиеттерге шолу және әртүрлі жұмыстар синтезі негізінде «жасыл» экономика, «жасыл» өсу және тұрақты даму тұжырымдамасын түсінудегі жалпы үрдістер анықталды. Дәстүрлі экономика мен «жасыл» экономика моделі тұрғысынан экономика, қоғам және қоршаған орта қатынастарын ұсынудағы айырмашылықтар анықталды. «Жасыл» экономика парадигмасы қоғамның мүмкіндіктері шектеулі қоршаған орта шеңберінде жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді, сондықтан экономика табиғи ресурстарды пайдаланудың ақылға қонымды әдістерін пайдалануы және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған инновацияларды енгізуді көтермелеуі тиіс. «Жасыл» экономиканы бір мезгілде дамыту мен экономикалық өсумен байланысты ғылыми пікірталастар осы мәселені оңтайлы шешудің пікірлері мен тәсілдерінің әртүрлілігін көрсетеді.
Түйін сөздер: «жасыл» экономика, «жасыл» даму, тұрақты даму, табиғи ресурстар, қоршаған орта .
Сілтеме жасау
Нургисаева А.А., Таменова С.С. Концептуальные основы «зеленой» экономики // Экономика: стратегия и практика. — 2020 — № 3 (15) — С. 189-200.