Қазақстан Республикасы мемлекеттік қаржысының тұрақтылығын бағалау

Кожахметова М.К., Кыдыралинов Д.С., Маркелова М.А., Мухаметкалиева М.А.

Түйін

Мемлекеттік қаржының тұрақтылығы мемлекеттің тұрақты, тиімді дамуын, нәтижесінде – халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының жоғарылауын қамтамасыз етеді. Ішкі қаржыландыру көздерін қолданатын елдің тұрақты және жоғары ұзақ мерзімді даму және өсу келешегі бар. Қаржы жүйесінің элементтері бір-бірін қолдайды және нығайтады, ал экономикаға әсер етудің негізгі тұтқалары ел ішінде болады. Тек осы жағдайда ғана елдің ұзақ мерзімді қаржылық егемендігі бар деп айтуға болады. Бұл мақалада мемлекеттің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін есептеу негізінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қаржысының тұрақтылығы бағаланады. Сонымен бірге жұмыста мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалау мемлекеттік борыштың әсері тұрғысынан қарастырылады, сондықтан бағалау сыртқы және ішкі борыш құрамының құрылымдық коэффициенттерін қолдану негізінде жүргізілген, олар бюджеттің, ел азаматтарының борышқа тәуелділігін, борыш ауыртпалығын, сондай-ақ борыш шектілігін және т.б. көрсетеді. Қазақстан деректері бойынша есептелген коэффициенттер олардың шекті мәндерімен салыстырылды, нәтижесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысының тұрақтылығы туралы бірқатар тұжырымдар жасалды. Сонымен қатар зерттеу кезеңінде шекті мәндерге жақын және осы мәндердің жоғарылауы ҚР мемлекеттік қаржысының тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін коэффициенттер анықталды.

Түйін сөздер: мемлекеттік қаржы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз, қаржылық тұрақтылық.

Сілтеме жасау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_4_T10

Кожахметова М.К., Кыдыралинов Д.С., Маркелова М.А., Мухаметкалиева М.А. Оценка устойчивости государственных финансов Республики Казахстан // Экономика: стратегия и практика. — 2020 — № 4 (15) — С. 111-121.