Қазақстан Республикасының салық жүктемесінің тиімділігін бағалау

Досманбетова М.С., Халитова М.М.

Түйін

Зерттеудің мақсаты экономиканың инновациялық дамуына ықпал ететін салық жүктемесін бағалау және оның шамасын реттеу әдістері саласында теориялық негіздеу, практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Зерттеу объектісі ЖӨӨ өсуін ынталандыру мүддесінде оны оңтайландыру аспектісінде қаралатын ҚР субъектілерінің салық жүктемесі болып табылады. Зерттеу пәні салық жүктемесін қалыптастыру процестері, сондай-ақ оның рұқсат етілген деңгейін бағалау моделі. Зерттеу әдістері. Зерттеуде бастапқы материалдарды алу, өңдеу және талдау үшін әртүрлі әдістер қолданылды: жалпы ғылыми, экономикалық талдау әдістері, математикалық статистика және экономикалықматематикалық модельдеу. Нақты деректерді өңдеу және тиісті есептеулер Microsoft Excel кестелік процессорының көмегімен жүзеге асырылды. Автордың зерттеуге қосқан үлесі. Автор салық жүктемесінің ЖӨӨ-ге әсерін модельдеу және зерттеу нәтижелерін апробациялау бойынша теориялық-әдістемелік ережелердің, тұжырымдардың, ғылымипрактикалық ұсыныстардың дамуына үлес қосты. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – салық жүйесін реформалаумен енгізілген факторларды ескере отырып, экономикаға салық жүктемесін бағалауды жетілдіру бойынша теориялық және әдістемелік ережелерді әзірлеу Зерттеудің практикалық маңыздылығы жұмыста негізделген теориялық ережелерді, ондағы ұсыныстар мен ұсынымдарды: мемлекеттік басқару органдары тиімді салық жүйесін құру жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу кезінде; салық органдары қаржы-шаруашылық қызметке талдау жүргізу және салық жүктемесінің деңгейіне және салық міндеттемелерін орындамауына әсер ететін факторларды анықтау мақсатында; салықтық менеджмент және бизнес-жоспарлау саласындағы кәсіпорындар пайдалануы мүмкін екендігінде.

Түйін сөздер: жалпы өңірлік өнім, салықтар, салық жүктемесі, салық саясаты, салық төлемдері.

Сілтеме жасау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_4_T11

Досманбетова М.С., Халитова М.М. Қазақстан Республикасының салық жүктемесінің тиімділігін бағалау // Экономика: стратегия және практика. — 2020 — № 4 (15) — б. 123-138.