Қазақстан Республикасында мал шаруашылығы өнімдерінің импортты алмастыру мүмкіндіктері

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_1_T4

Денисова О.К., Козлова М.В., Рахимбердинова М.У.

Түйін

Жұмыстың мақсаты – отандық өндіріс көлемін ұлғайту үшін Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы өнімдерің импорт алмастыру мүмкіндіктерін ұсыну. Зерттеу әдістері – зерттеуде эмпирикалық әдістер (бақылау, сипаттау, салыстыру және жалпылау) және теориялық зерттеу әдістері (абстракция, талдау және синтез, индукция және дедукция) қолданылды. Зерттеу нәтижелері – Қазақстандағы мал шаруашылығының қазіргі жағдайына сипаттама берілген. Кедендік статистика деректері бойынша импортқа талдаужасалық, Қазақстан Республикасында мал өнімдерін импорттайтын негізгі елдер анықталды. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі тауарлық топтарының импортын алмастыру жөніндегі шаралар ұсынылды. Осы жұмыста әзірленген ұсыныстарды агроөнеркәсіптік кешеннің даму бағыттарын негіздеу кезінде және мал шаруашылығын дамытудың аймақаралық және өңірлік бағдарламаларын ақпараттық-аналитикалық нұсқаулық ретінде пайдалануға болады. Қорытындылар: Қазақстанның мал шаруашылығы саласы айтарлықтай даму әлеуетіне ие, бірақ толықтай пайдаланылмаған. Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге бірқатар факторлар әсер етеді, олардың ішінде жеке фермалардағы ірі қара малдың үлес салмағының шоғырлануы;ІҚМ жалпы санындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аз үлесі; мал шаруашылығы инфрақұрылымының жоқтығы. Азық-түліктің негізгі түрлерінің едәуір бөлігі Қазақстанға импортталады. Импорт алмастырудың нәтижесі өндірісті технологиялық жаңғыртуды ынталандыру, оның тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлерін дамыту арқылы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болуы керек.

Түйін сөздер: мал шаруашылығы, ауылшаруашылық сектор, импорт, импорт алмастыру, мал шаруашылығы өнімдері.

Сілтеме жасау

О.К. Денисова, М.В. Козлова, М.У. Рахимбердинова Возможности импортозамещения продукции животноводства в Республике Казахстан // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 1 (15) — С. 53-70.