Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту – әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_1_T3

Мырзалиев Б.С., Сабыр Н.С., Мурат А.

Түйін

Мақалада ауыл аумақтарының әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру негізінде ауылдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары зерттелді. Ауылдық аумақтарды дамытудың әлеуметтік қатерінің деңгейі талданды және ауылдық аймақтарды дамытудың базалық алғышарттарының бірі болып табылатын аграрлық кешенді тұрақты дамытудың негізгі мәселелері анықталды. Зерттеудің мақсаты ауылды тұрақты дамытудың тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу, ауылдық аумақтардың әлеуметтік қауіпсіздігінің мәнін негіздеу және анықтамасын беру, ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың әлеуметтік қауіпсіздігі сипаттамасының жүйесін құрайтын аса маңызды көрсеткіштерді анықтау болып табылады. Жүргізілген зерттеулер негізінде аумақтық жүйелердің әлеуметтік қауіпсіздігін бағалаудың әдістемелік тәсілдері жүйелендірілді, ауылдық аумақтарды дамытудың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің ішкі қатерлеріне баға берілді. Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың әлеуметтік қауіпсіздік параметрлерінің жүйесін құрайтын аса маңызды көрсеткіштер айқындалды.

Түйін сөздер: әлеуметтік қауіпсіздік, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымы, ауылдық аумақтар, әлеуметтік тәуекелдер, әлеуметтік қатерлер, ауылдағы дағдарыстық құбылыстар, ауыл шаруашылығы.

Сілтеме жасау

Б.С. Мырзалиев, Н.С. Сабыр, А. Мурат Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту-әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы // Экономика: стратегия және практика — 2020 — № 1 (15) — б. 37-52.