Ғылыми қызметкерлердің еңбек көші-қоны мысалында экономикалық дамудың қозғаушы күші ретінде білім ағыны және инновациялар диффузиясы

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T10

Спанкулова Л.С., Керімбаев А.Р., Нұрұлы Е., Қорғасбеков Д.Р., Лахбаева Ж.А.

Түйін

Ғылыми қызметкерлердің еңбек көші-қоны мысалында инновациялар таралуының диффузиялық сипатын, өңірлер арасындағы білім ағындарын түсіндірудің микро-, макроаспектілері қарастырылды. Зерттеу мәселелері бойынша әдебиетке шолу келтірілген, онда белгілі фактілерге негізделген ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі идеялары мен нәтижелері баяндалған. Білім ағындарын зерттеуге үш зерттеу тәсілі бөлінген: еларалық сауда ағындарын зерттеу, патенттік деректерді көп өлшемді талдау, инновациялық компаниялардың жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарына жақын орналасуын зерттеу. Инновацияны алу арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің ықтимал жолдары талданды. Мақалада «инновациялардың диффузиясы», «білімағыны» ұғымдарының тұжырымдары, сондай-ақ анықталған теориялық ережелер мен олардың практикалық көріністерінің мысалдары келтіріледі. Сонымен қатар, жұмыста ғалымдар мен жоғары білікті мамандардың кәсіби ұтқырлығы білім ағыны мен инновациялар диффузиясына ықпал ететін саясаттың аса айқын бағыттары болып табылатыны атап өтіледі. Себебі ғалымдар ұтқырлығының жоғары деңгейі зерттеу нәтижелерінің тез таралуына ықпал етеді. Сонымен қатар, зерттеушілердің көші-қон процесі жаңа технологиялар трансфертімен байланысты, өйткені жаңа білім беру бір реттік оқиға болып табылмайды және жалғыз іске асырылмайды. Зерттеушілердің ұтқырлығы жаһандық құбылыс ретінде танылды және негізінен экономикалық факторлармен түсіндіріледі.

Түйін сөздер: инновациялардың диффузиясы, білім ағыны, экономикалық өсу, инновациялардың диффузия механизмдері, зиялылардың жылыстауы, жоғары білікті қызметкерлердің көші-қоны.

Сілтеме жасау

Спанкулова Л.С., Керимбаев А.Р., Нурулы Е., Коргасбеков Д.Р., Лахбаева Ж.А Перетоки знаний и диффузия инноваций как движущая сила экономического развития на примере трудовой миграции научных работников // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 115-126.