Клиенттi талдауды дамытудың заманауи аспектiлерi мен еталысы

Солдатенко Т.А., Есимжанова С.Р.

Түйін

Жүріп жатқан сандық түрлендіру бизнес үшін де, тұтынушылар үшін де деректерді жинау және өңдеу саласында үлкен перспективаларды ұсынады. Қазіргі уақытта деректерді жинау және өңдеу жүйелерінің дамуы тұтастай бизнес, сонымен қатар маркетинг үшін жаңа және серпінді мүмкіндіктер ашады, өйткені құрылымдалған мәліметтермен қатар құрылымданбаған деректер де өңделіп, маркетингтік аналитиканың құрамдас бөлігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – тұтынушылық аналитиканың жалпы аспектілерін, мақсаттары мен бағыттарын жалпы маркетингтік аналитика бөлігі ретінде анықтау болып табылады. Енді кез-келген ұйым өзінің маркетингтік қызметінде сандық құралдар мен әдістерді қолдана алады. Компаниялар тұтынушылар туралы, соның ішінде тікелей тұтынушылардың пікірлерін жинау және өңдеу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болды. Өз кезегінде тұтынушылар компаниялар мен және олардың брендтермен тікелей байланыс орнатуға көбірек ресурстар алуда. Тұтынушыларды диалогқа тарту және олардың іскерлік қызметтің барлық салаларына әсер етуі компаниялар қызметінің ажырамас бөлігіне айналды.
Авторлар маркетингтік талдау призмасы және нарық аналитикасы, өнім, бәсекелестер, тұтынушылар сияқты оның төрт компоненті арқылы Клиент аналитикасының мәнін, оның маркетингтік қызметтегі рөлін анықтау үшін 28 ғылыми және іскери журналға әдеби шолу жасады. Қазіргі әлемде Клиенттік аналитика маркетингтік қызметтің негізгі компоненттерінің бірі бола отырып маркетингтік қызметтің көрсеткіштерін едәуір жақсартуға көп мүмкіндіктер тупғызады.

Түйін сөздерi: Маркетингтік аналитика, мәліметтер базасы негізіндегі маркетинг, клиенттік талдам, клиенттік талдама ресурстары, тұтынушыларды идентификациялау, тұтынушыларды тарту, тұтынушыларды ұстап қалу, тұтынушылардың құндылығын дамыту

Сілтеме жасау

Tatyana А.Soldatenko, Saira R.Yessimzhanova Modern aspects and trends of Customer Intelligence development // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 107-113.