https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T9
Мырзахметова А.М., Алшимбаева Д.У., Туркеева К.А., Еримпашева А.Т.
Түйін
Мақаланың мақсаты – қазіргі жағдайда Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың ерекшеліктерін анықтау және жаңа басымдықтарын негіздеу. Экономикалық, статистикалық, салыстырмалы, графикалық, жүйелік, функционалды және басқа да талдау әдістері қолданылады. Зерттеу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тиімді дамыту және тиісті сыртқы сауда саясатын жүзеге асыру үшін жаңа бағыттар мен тәсілдер жасалды. Негізгі тәсіл – Еуразиялық одаққа қатысу механизмі, бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ұлғайту үшін алдыңғы қатарлы ғылыми технологияларды қолдануға негізделген бірлескен кәсіпорындар құру арқылы аймақтық сауданы кеңейту. Ұсынылған мақала жаһандану мен аймақтандырудың өсіп келе жатқан процестері жағдайында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын көрсетеді. Бұл жағдайда әлемдік нарықта бәсекелестік күшейіп келеді, бұл Қазақстан мен Ресейдің өзара байланысты және өзара тәуелді ұлттық экономикаларының күш-жігерін біріктіру қажеттілігін объективті түрде анықтайды. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілді: мазмұны ашылды және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды; қазіргі жағдайда екі ел арасындағы саудаэкономикалық ынтымақтастықтың даму ерекшеліктерін ашып көрсетті; Қазақстан мен Ресей арасындағы саудаэкономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тиімді дамыту жөніндегі ұсыныстар коронавирустық пандемиямен байланысты өсіп келе жатқан дағдарыстық процестер жағдайында жасалды.
Түйін сөздер: сыртқы сауда, инвестициялар, сауда-экономикалық ынтымақтастық, бірлескен кәсіпорындар.
Сілтеме жасау
Мырзахметова А.М., Алшимбаева Д.У., Туркеева К.А., Еримпашева А.Т. Торгово-экономическое сотрудничество Казахстана и России: особенности и приоритеты развития // Экономика: стратегия и практика. — 2020 — № 3 (15) — С. 127-139.