Криптовалюта және блокчейн технологиясы – қазіргі заман экономикасының жаңа шындықтары

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T8

Зейнельгабдин А.Б., Ахметбек Е.Е

Түйін

Мақалада криптовалютаның пайда болу тарихы, оның қолданылу аясы, оң және теріс жақтары, мәні және жұмыс істеу принципі қарастырылады. Оны пайдалану перспективаларына бағалау келтіріледі, сондайақ крипто-валюта капиталдандыру нарығы және оның әлемдік қаржы жүйесінің дамуына әсері зерттеледі. Шет елдердегі крипто-валюталарды құқықтық реттеу тәжірибесіне талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – криптовалютаның мәні мен жұмыс істеу принципін, сондай-ақ оны Қазақстанда пайдалану перспективаларын зерттеу болып табылады. Бұл жұмыста эмпирикалық зерттеу әдістерімен қатар алынған ақпаратты талдау мен синтездеуден тұратын теориялық әдістер қолданылды. Сонымен қатар тарихи, логикалық, техникалық, салыстырмалы, құқықтық талдаулар қолданылды. Криптовалютаға мәні мен мақсаты бойынша жіктелуі жүргізілді және оның сипаттамалары туралы деректер алынды. Криптовалютаның құқықтық мәртебесінің және оның айналымының шетелдік тәжірибесі зерттелді. Зерттеу дамуының маңызды факторы криптовалюта және оның айналымы заңнамасының болуы және оның құқықтық мәртебесі екенін көрсетті, осыған байланысты жұмыс барысында криптовалютаны реттеуге қатысты жеке заңнамалық түзетулер әзірленді. Атап айтқанда, цифрлық активтерді реттейтін заңнамалық актілерді дайындау және қабылдау кезінде пайдаланылуы мүмкін криптовалюталар мен криптобиржаларға авторлық анықтамалар берілген.

Түйін сөздер: криптовалюта, криптобиржа,биткойн, блокчейн.

Сілтеме жасау

Зейнельгабдин А.Б., Ахметбек Е.Е. Криптовалюта и технология блокчейн – новые реалии современной экономики // Экономика: стратегия и практика. — 2020 — № 3 (15) — С. 111-125.