Қазақстан мен Еуропалық Одақтың инвестициялық ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен болашағы

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T7

Арупов А.А., Отарбаева А.Б.

Түйін

Мақалада Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы зерттелген. Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы жинақталған және жыл сайынғы өзара инвестициялық салымдардың динамикасы, түрлік құрылымы және салалық басымдықтары сараланып, Еуропалық Одақтан келетін инвестиция ағының төмендеуінің негізгі мәселелері анықталды. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы ынтымақтастықтың проблемалық жақтарын анықтау, инвестициялық қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру әдістерін қарастыру. Мақалада инвестициялық қатынастар туралы арнайы ғылыми кітаптар, мемлекеттік органдардың есептері, құқықтық актілер мен өзге де дереккөздерді сипаттау және талдау әдістері қолданылған. Мақалада SWOT талдау әдісі қолданылып, оның негізінде инвесторлар үшін Қазақстанның күшті және әлсіз жақтары анықталды. Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары. Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың ауқымы институционалды негізде жүзеге асырылады, дегенмен инвестициялық ағым біркелкі дәрежеде емес. ЕО инвестициялық импорт процесінде Қазақстанның негізгі серіктесі болып табылады. Қазақстанның тау-кен өндірісі ЕО елдері үшін ерекше қызығушылық тудырады, сондықтан шикізат бағасының өзгеруі инвестиция ағынының төмендеуіне әкеледі. Энергия ресурстары бағаларына тәуелділіктен арылу үшін Қазақстанға жекелеген ЕО мемлекеттерімен жеке инвестициялық жобаларды әзірлеп, бюрократия, сыбайлас жемқорлық және т.б. факторларды жоюы қажет. Қызығушылықты арттыру үшін ЕО мемлекеттерінің инвесторлары үшін жекелеген преференцияларды әзірлеу ұсынылады. Сондай-ақ, Еуропалық Кеңеспен бірге тікелей инвесторлармен ынтымақтастық мәселесіне көңіл аудару ұсынылады.

Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, Еуропалық Одақ, тікелей шетелдік инвестициялар, ынтымақтастық, сауда айналымы, инвестициялық тартымдылық.

Сілтеме жасау

Арупов А.А., Отарбаева А.Б. Актуальные проблемы и перспективы инвестиционного сотрудничества Казахстана и ЕС // Экономика: стратегия и практика. — 2020 — № 3 (15) — С. 97-110.