Қазақстан Республикаларында интерлектуалдық әлеуетті пайдалану тиімділігін бағалау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T4

Сагиева Р.К., Жупарова А.С., Рузанов Р.М., Саги Г.Г.

Түйін

Қазіргі заманғы экономист-зерттеушілердің назарында жеке тұлғаның, компанияның, аймақтың, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде жаңа білімнің негізгі қайнар көзі және инновацияны құруда зияткерлік әлеуетті тиімді пайдалану мәселелері болып отыр. Сонымен қатар зияткерлік әлеуетті қолдануда аймақтық ерекшеліктерді жете талдау, олардың табиғи-географиялық дифференциациясы ғана емес, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы, аймақ экономикасының салалық құрылымы әсіресе заманауи ақпараттық технологияларға қол жетімділігі, әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму факторларының деңгейі ерекше қызығушылық тудырады. Әдебиеттерді талдаужәне еліміздегізияткерлік әлеуеттің даму ерекшелігі, Қазақстан аймақтарында оны қолдану тиімділігін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін құруға мүмкіндік берді. Бұл зерттеуде біз 2009, 2014, 2019 жылдарындағыҚазақстанның 17 аймағында DEA әдістемесін зияткерлік әлеуеттің тиімділігін бағалау мақсатында қолданамыз. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мемлекеттің әртүрлі аймақтарындағы білім, ғылым және инновацияны дамытуы бойынша қабылдаған іс-шаралары қарама-қайшы нәтижелерге әкелгенін көрсетеді. Іс жүзінде, Қазақстанның зерттеу кезеңінде айтарлықтай инновациялық жетістіктерге қол жеткізе алмауы, елдің зияткерлік әлеуетті тиімсіз пайдалануы, сонымен қатар мемлекеттің іс-шараларды жеткіліксіз жүргізуі деп айтуға болады.

Түйін сөздер: зияткерлік әлеует; DEA; тиімділікті бағалау.

Сілтеме жасау

Сагиева Р.К., Жупарова А.С., Рузанов Р.М., Саги Г.Г. Оценка эффективности использования интеллектуального потенциала в регионах Казахстана // Экономика: стратегия и практика. — 2020 — № 3 (15) — С. 53-67.