Денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T2

Алимбаев А.А., Битенова Б.С., Есенбекова Т.И.

Түйін

Цифрлық денсаулық сақтау науқастарға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мен оларды бақылау мақсатында медициналық білімді IT қосымшаларымен немесе IT технологиясымен интеграциялауды білдіреді. Цифрлық технология қажеттіліктерге назар аударуға және профилактикалық, клиникалық және оңалту қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда денсаулық сақтауды цифрландыру науқастардың қауіпсіздігін, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсуді ескере отырып, медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін үлкен әлеуетке ие. Зерттеудің мақсаты денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін неғұрлым толық және сәйкес бағалауға мүмкіндік беретін, оның өзіне тән белгілері мен өз қызметі аясында мақсатты функцияларды іске асырудың жоғары үлесін ескере отырып, әдіснаманы әзірлеу болып табылады. Бұл мақалада цифрландырудың тиімділігін анықтаудың бар тәсілдері қарастырылған, бірақ олар денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктерін көрсетпейді. Қарастырылған әдісте жалпы қосылған құн ретінде маңызды жалпылама көрсеткішті қарастырмайтындығы, жалпы экономика тұрғысынан елдің жалпы ішкі өнімінде ескерілетіні анықталды. Мақалада денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін бағалау әдістемесі ұсынылған, бұл жалпы қосылған құнды қызметтерді өндіру мен сатуды сипаттайтын жалпыланған нәтиже ретінде және медициналық қызметтерді ұсыну процесінде ресурстарды пайдалану тиімділігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдістеменің негізі тиімділік теориясы және уақытты үнемдеу заңы, сонымен қатар критерийлер мен тиімділік көрсеткіштерін анықтауға арналған тәсілдер болып табылады.

Түйін сөздер: цифрландыру, ақпараттық жүйе, денсаулық сақтау, тиімділікті бағалау әдістері, жалпы қосылған құн.

Сілтеме жасау

Алимбаев А.А., Битенова Б.С., Есенбекова Т.И. Методика оценки социальной и экономической эффективности цифровизации системы здравоохранения // Экономика: стратегия и практика. — 2020 — № 3 (15) — С. 25-37.