Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерліктің дамуы: үрдістер мен перспективалар

Жанасилова А.Т., Мұса Чакыр

Түйін

Мақалада экономика мен қоғамның жаһандық трансформациясындағы инновациялық кәсіпкерліктің рөлі талқыланды. Нарықтық және инновациялық кәсіпкерліктерге салыстыру жүргізіріп, инновациялық қызмет пен ғылым-өндіріс-қоғам қарымқатынастарының негізгі реттеушісі болып табылатын мемлекеттің рөлі бағаланады. Отандық кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігі шетелдік әріптестерімен салыстырғанда өте төмен. Мақалада аймақтық бизнестің негізгі даму тенденциялар қарастырылып, кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық белсенділігін тежейтін себептер айқындалды. Инновациялық кәсіпкерлік тек басқарушылық шешімдер деңгейінде ғана емес, сондайақ ғылыми салада белсенді түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Мақалада экономиканың құрылымдық проблемалары тұрғысынан инновацияның негізгі компоненттері ашылып, отандық экономикадағы инновацияларды дамытудың негізгі жолдары қарастырылады.

Түйін сөздер: инновациялық кәсіпкерлік, технопарктер, индустриялық аймақтар, инновациялық даму, бәсекеге қабілеттілік