Инновациялық қызметті дамытуда салықтық ынталандырудың әлемдік тәжірибесі (Жапонияның мысалында)

Халитова М.М., Сулейменова А.Ш.

Түйін

Қазіргі уақытта Қазақстан өндірістің әртүрлі салаларында және қоғамды басқару сфераларында жаңа идеяларды, ғылыми білімді, технологияларды және өнімдердің түрлерін енгізу негізінде инновациялық қызметті дамытуға ұмтылуда. Шетелдік тәжіребе көрсетендей, мұндай қызметті салықтық ынталандыру олардың деңгейін барынша арттырады. Алайда, компанияны инновациялық қызметті қолдау үшін арнайы инвестицияларды енгізу бойынша салықтық ынталандырудың болмауы елдегі инновациялық даму деңгейін төмендетеді. Салықтық ынталандыру шараларын таңдау мемлекет қолдайтын экономикалық қызметтің стратегиялық сенімділігіне байланысты. Осыған байланысты, мақалада Жапонияның жағдайы және осы елде қолданылатын салық жеңілдіктері, қазақстандық салық саясатына мысал ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, мақалада Қазақстанның инновациялық қызметінің статистикалық деректері, олардың проблемалары және пайда болу себептері келтірілген.

Түйін сөздер: салық жеңілдіктері, салықтық ынталандыру, инновациялық қызмет, ғылымды қаржыландыру.