Мусабалина Д.С., Киреева А.А.
Түйін
Бұл ғылыми зерттеудiң мақсаты Қазақстанның аймақтарынының инновациялық даму деңгейінің бағалаудың әдiстемелiк тәсiлдерiн әзірлеу және олардың апробациясы, сонымен бiрге инновациялық кластерлердi қалыптастырудың мүмкiндiктерiн анықтау болып табылады. Бұл ғылыми зерттеуде «кластер» санаты бойынша теория мен қолданыстағы ұғымдарға әдеби шолу, ұйымның кластерлік даму ерекшеліктері анықталды. Отандық және шетелдік ғалымдардың кластерлік тәсілді қалыптастыруды зерттеу мен жинақтау негiзiнде кластерлер дамуының негiзгi алғышарттары анықталған. Қазақстанда инновациялық кластерлердi анықтау мақсатында инновациялық аумақтың әлеуетін бағалау көрсеткіштері мен жiктеу әдістерін жүйелеу зерттеудің әдiснамасы болып табылады. Тиiсiнше, осы әдістерді екі қосымша топқа топтастыру ұсынылған. Бұл ретте ұсынылатын көрсеткiштер аймақтық ерекшелiктердi ескередi және әлеуеттi өсiрудін үшiн негiзін құрайды, сонымен бiрге есептеудiң қарапайымдылығы, қолжетiмдiлiгі және қазiргi кезеңде нақты нәтижелердi алу мүмкiндiгiмен ерекшеленеді. Инновациялық кластерлердi қалыптастыру үшiн ең перспективалық аймақтар Алматы қаласы, Астана қаласы және кейбiр өнеркәсiптiк аймақтар (Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан) екені туралы қорытынды жасалынған. Есептеулер нәтижесі бұл аймақтардың агломерация үшін де, сонымен қатар территориялық жақындатылған аймақтар даму үшін «мультипликативті эффект» жасауға елеулі әлеуеті бар екенін көрнекті көрсетеді.
Түйін сөздер: кластер, инновациялық кластер, инновациялар, аймақ, аймақтық экономика
Сілтеме жасау
Д.С.Мусабалина, А.А.Киреева Оценка уровня инновационного развития регионов Казахстана и возможности их дальнейшей кластеризации // Экономика: стратегия и практика — 2019 — № 1 (14) — С. 149-161.