Қазақстан нарығында брендингтің дамуы

Р.К.Сабирова, А.Д.Мукашева, А.Ж.Таирова

Түйін

Қазақстан Республикасы үшін ұлттық өнім өндірушілер бағытында бренд қалыптастыру көптеген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру құралы болып табылады. Бренд рөлі нарықта кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілік артқан сайын өз өзектілігін дәлелдеп отыр. Берілген мақаланың негізгі мақсаты ретінде нарықтық кеңістіктің жаһандануы, ақпараттық технологияларның кеңінен дамуы және инновациялық жасақ-таулар жағдайында бәсекелік күресте күшейіп отырғандықтан брендті басқарудың маркетингтік технологиясын жетілдіру бойынша теориялық анықтамаларын қарастыра отырып, ұсыныстар жасақтау қарастырылған.
Қазақстан имиджін алға жылжытатын жағдайларды алып қарасақ, әлі де кемшіліктерді көреміз. Ғылыми мақаладағы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Қазақстан имиджі мен маркетингтік технологиялар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар зерттеу жүргізудің қажет-тілігін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы – бәсекелік артықшылыққа ие болып отырған брендті маркетингтік басқарудағы бренд-менеджментті дамытудың ғылыми тәсілдері талданып, жүйеленуі, брендті басқаруда қолданылатын маркетингтік технологиялар жасақталуы.
Зерттеудің нәтижелері маркетинг мәселелерін және бренд-менеджментті теориялық игеру үшін қолданылуы мүмкін. Брендті басқарудың маркетингтік технологияларын қолдану бойынша жасақталған әдістемелік жағдайлар мен ұсыныстар болашақта корпоративтік брендтің тұтынушылық құндылығын арттырады, компаниядағы стратегиялық бәсекелік артықшылықтарды қалыптастырады.
Сонымен қатар брендингке ерекше әсер ететін макроэкономикалық факторлар мен технологиялық факторлар қарастырылды. Соңғы кездері қоғам индустриалды даму формасынан постиндустриалды даму формасына көшкен кезеңде ақпараттық сектор заманауи экономиканы дамытушы құралдардың бірі
болды. Соның ішінде телекоммуникациялық компаниялардың сауда маркаларының дамуы жалпы брендингтің дамушы құралы болатындығы мақалада қарастырылды.
Түйін сөздер: бренд, ұлттық имидж, макроэкономикалық факторлар, технологиялық факторлар, тұтынушылық қарым-қатынас.

Сілтеме жасау

Р.К.Сабирова, А.Д.Мукашева, А.Ж.Таирова Қазақстан нарығында брендингтің дамуы // Экономика: стратегия және практика — 2019 — № 1 (14) — б. 163-180.