Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі: қазіргі жағдайдағы трансформациясы және даму перспективалары

Р. Есберген

Түйін

Мақала Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына енуі жолындағы бір бағыт болып табылатын билікті орталықсыздандыру мәселесі – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің даму сұрақтарына арналған. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл халықтың билік ету формасы. Ол тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді өз жауапкершілігіне алып, өз бетінше еркін шешуді ұйымдастыруды білдіреді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің шетелдік тәжірибесіне шолу жасалған, бүгінгі ахуалы сипатталған, негізгі басым бағыттары айқындалған.
Ғылыми мақаланың мақсаты Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бағыттарын Ақтөбе облысы мысалында айқындау болып табылады. Мақаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің талдау және салыстыру әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижесі Қазақстандағы 4-деңгейдегі бюджетке көшкен мекендердің салықтық және салықтық емес түсімдерін арттыру мүмкіндіктері, ол үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің жобалық ойлау машықтары болып табылады.
Зерттеу нәтижелерін қолдану саласы облыстық, аудандық және селолық әкімдіктер, кәсіпкерлік, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармалары мен бөлімдері болып табылады.
Зерттеу нәтижелері «Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы демократиялық қоғамды дамытуға, «Стратегия-2025» орта мерзімді стратегиялық даму жоспарының «Мықты өңірлер және урбандалу» атты 5-реформасын табысты жүзеге асыруға, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын табысты жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл реформаның мақсаты қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ете отырып өңірлердің экономикалық өсімі есебінен жалпы ішкі өнімді арттыруға бағытталған.
Түйін сөздер: жергілікті өзін-өзі басқару, азаматтық қоғам, орталықсыздандыру, демократияландыру, жалпы өңірлік өнім, мықты өңір, 4-деңгейлі бюджет, жобалық менеджмент.

Сілтеме жасау

Р. Есберген Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі: қазіргі жағдайдағы трансформациясы және даму перспективалары // Экономика: стратегия және практика — 2019 — № 1 (14) — б. 83-95.