Қазақстанның экономикалық өсуінің декомпозициясы және еңбек, капитал және өнімділіктің жиынтық факторларын модельдеу

Алпысбаева С.Н., Шунеев Ш.Ж., Строева Г.В.

Түйін

Зерттеудің мақсаты ұзақ мерзімді экономикалық саясаттың басымдықтарын негіздеу үшін өндіріс факторлары бойынша Қазақстанның экономикалық өсуін декомпозициялау және модельдеу болып табылады. Халықаралық институттар сарапшыларының соңғы зерттеулерінде нақты ЖІӨ қарқынының және жиынтық факторлық өнімділіктің (ағылш. total factor productivity,   бұдан әрі – TFP) жоғары өзара байланыстылығына назар аударылады. (ДБ және басқалары) Бұл ретте, қаржы (инвестициялар) факторының үлесі Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуіне қосымша үлкен үлес қоса алмайтыны ескеріледі, бұл қаржыдан шекті қайтарымының азаюымен байланысты. Аталған мәселені терең зерттеу үшін ұсынылған мақалада өндіріс факторларының экономикалық өсуге үлесін есептеудің заманауи теориялары мен әдіснамасына шолу жасалған. Зерттеу әдістері. Заманауи әдіснамалық тәсілдерді қолдану Қазақстанның экономикалық өсуіне декомпозиция жүргізуге және өндіріс факторлары мен жиынтық факторлық өнімділіктің Қазақстанның экономикалық өсуіне қосатын үлесінің моделін жасауға мүмкіндік берді. Бұл ретте, өндіріс факторларының Қазақстан ЖІӨ-нің өсуіне қосқан үлесінің бірнеше бағалау әдісі қолданды: талдамалық әдіс және өндірістік әдіс, оның ішінде, «табиғи ресурстар» факторының үлесін қоса алғанда. Осылайша, талдамалық әдіс негізгі капиталдың тұтынылуы мен жұмысбастылар санының қосындысы ретінде құрылымдық ЖІӨ моделіне негізделеді. Өндірістік әдіс қаржы мен еңбек шығындарының қайта пайда болуына ықпал ететін, технология, адами капитал және ұйымдастырушылық-құқықтық институттар сияқты басқа да айқын емес факторларды ескеретін, қаржы, еңбек және жиынтық факторлық өндіріс (TFP) үлесін пайдалана отырып Кобб-Дугластың екі факторлы өндірістік функциясына негізделеді. Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары. Алынған нәтижелер Қазақстан экономикасының тұрақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді кезеңде экономикалық өсудің іргелі факторларының (еңбек, қаржы және табиғи ресурстар) тиімділігін арттыру үшін макроэкономикалық және құрылымдық саясаттың тиісті шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: жалпы ішкі өнім, өндіріс факторлары, жалпы факторлардың өнімділігі, экономикалық өсу.

Сілтеме жасау

С.Н. Алпысбаева, Ш.Ж. Шунеев, Г.В. Строева Декомпозиция экономического роста Казахстана и моделирование вкладов труда, капитала и совокупной факторной производительности // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 3 (14) — С. 49-68.