Импорт алмастыру Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде

Азретбергенова Г.Ж., Мырзалиев Б. С., Онбаева М.Б., Мунасипова М.Е.

Түйін

Мақалада қазіргі кезеңдегі жаһандану жағдайында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің негізгі құрамдас бөлігі азық-түлік қауіпсіздігінің мәселелері қаралған. Қазақстанда азық-түлік тауарларының өндіріс жүйесін құрып, импорт алмастыруды қолға алыну керектігі дәлелденген. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтасыз етуде, импорт алмастырудың маңыздылығы анықталған. Азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізудің маңызды факторы импорт алмастыру болып табылатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Зерттеудің мақсаты отандық агроөнеркәсіпті дамыту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін ұтымды пайдалану арқылы барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік жасау, сондай-ақ жаһандық агро азық-түлігі нарығында Қазақстан лайықты орын алуға жол ашатын бағыттары қарастырылған.

Түйінді сөздер: импорт алмастыру, экономикалық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, аграрлық азықтүлік өнімдері, ауыл шаруашылығы.

Сілтеме жасау

Г.Ж. Азретбергенова, Б.С. Мырзалиев, М.Б. Онбаева, М.Е. Мунасипова Импорт алмастыру Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде // Экономика: стратегия және практика. — 2019 — № 3 (14 — б. 113-126.