Корреляция-регрессия әдістерін қолдану негізінде Қазақстан Республикасы банктерінің несиелік қызметін статистикалық талдау

Нурпеисова А.А., Рахметова Р.У.

Түйін

Қазақстандағы экономикалық саланың тұрақты дамуы қаржы нарығының жағдайына, оның ішінде ішкі несие нарығының дамуына байланысты. Дамыған несие нарығы өндірістің өсуіне негіз болады, сауда көлемін арттырады, өнеркәсіптік кәсіпорындарды инновациялық және технологиялық жаңғыртудың түрлі стратегиялық бағдарламаларын іске асырудың тетігі болып табылады. Бұл жұмыста Қазақстан Республикасының банк құрылымдарының кірістілік көрсеткіштеріне әсер ететін факторларға корреляциялық талдау жүргізілді, бұл бізге 2019-2023 жылдарға Қазақстандағы несие нарығының кейбір параметрлерін болжау үшін бірнеше регрессиялық модель құруға әрекеттенуге мүмкіндік берді: банктердің тұтынушылық несиелерінің көлемі, шағын бизнеске берілген несиелер саны, банктердегі салымдар көрсеткіштері, елдің банк секторының кірістілігі. Қазақстан Республикасының несие нарығын одан әрі дамытудың кейбір параметрлеріне қатысты корреляциялық және регрессиялық зерттеу әдістерін қолдану ұлттық экономиканы үдемелі дамытудың қаржылық негізі ретінде несиелік нарықты одан әрі дамытудың болжамды мәндерін құруға мүмкіндік берді.

Түйін сөздер: несие, депозит, тренд сызығы, болжам, пайда, корреляциялық талдау,регрессиялық талдау, t-статистика, Фишер индексі.

Сілтеме жасау

А.А. Нурпеисова, Р.У. Рахметова Корреляция-регрессия әдістерін қолдану негізінде Қазақстан Республикасы банктерінің несиелік қызметін статистикалық талдау // Экономика: стратегия және практика. — 2019 — № 4 (14) — б. 23-41.