https://doi.org/10.51176/JESP/issue_1_T9
Суханбердина Б.Б., Bernhard Widmann, Курманова Г.К. Шайхиев Ж.Ж., Уразова Б.А.
Түйін
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы медициналық қызметтері нарығы монополияға қарсы. Нарықта бір-бірімен бәсекелесетін мемлекеттік және жеке медициналық мекемелер бар. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың шектеулі болуын және амбулаториялық-емханалық мекемелерді шаруашылық басқаруға беруді ескере отырып, халыққа медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мекемелердің табыстылығын жақсарту үйлесімі маңызды және өте қиын міндет болып табылады. Осы зерттеуде бұл мәселені маркетингті қолдану арқылы шешу ұсынылады. Маркетингтің мақсаты туралы қазіргі заманғы түсінік – бұл пайданы көбейту емес, әлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ететін халықтың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл қазіргі заманғы маркетингтің әлеуметтік бағытын және маркетингтің үш мақсатының: тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, өндірушілердің кірістерін барынша көбейту және қоғамның мүдделерін ескере отырып, тепе-теңдікке қол жеткізу. Медициналық қызметтерді маркетингтің теориялық және әдіснамалық аспектілерін талдай отырып, сонымен қатар Орал қаласындағы №6 емхананың маркетингтік қызметін бағалау барысында амбулаториялық ұйымдар маркетингтік қызметті жетілдіру арқылы жеке медициналық мекемелермен бәсекеге түсе алатын, сондай-ақ, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сақтап, жақсартатуға кабілетті екені анықталды. Мақалада заманауи экономикадағы медициналық қызметтер маркетингінің теориялық және практикалық негіздемесі келтірілген және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы № 6 емхананың маркетингтік моделі әзірленген.
Түйін сөздер: маркетингтік қызмет, маркетингтік модель, маркетингтік қызметтің тиімділігін бағалау .
Сілтеме жасау
Bibigul B. Sukhanberdina, Bernhard Widmann, Gulnara K. Kurmanova, Zhumabek Zh. Shaihiev, Bakit A. Urazova Improving the marketing activities of medical institutions (for example, clinic number 6 in the city of Uralsk, West Kazakhstan region) // Economics: Strategy and Practice — 2020 — № 1 (15) — p. 127-138.