https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T17
Садыханова Г.А., Рысбаева Б.Б.
Түйін
Мақала экологиялық маркетингте қолданылатын жаңа маркетингтік стратегияларды зерттеуге арналған. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері баспасөз беттерінде тұрақты жарияланып, әлемнің көптеген елдерінің саяси күн тәртібінде тұр. Қоғам барлық тұтынушылардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылуы мен өз өмір сүру ортасын сақтау ниеті арасындағы тепе-теңдікті табуға ұмтылуда. Соңғы жылдары өндірістік сектордың қоршаған ортаның жай-күйіне әсері бойынша алаңдаушылық тек үкімет пен ғалымдарды ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлық қатысушыларын да қамтып отыр. Ол экологиялық маркетинг сияқты бағытты дамытуда шешуші рөл атқаруда. Экологиялық маркетинг нарықтың экологиялық өмір сүру ортасын құруға жаппай ұмтылу жағдайында бизнестің өмір сүру жүйесінің құрылымын ойластыруға және әзірлеуге мүмкіндік береді. Зерттеуде авторлар экологиялық маркетинг қоғамның тұрақты дамуына жағдай жасау құралдарының бірі болатынын көрсетеді.
Түйін сөздер: экологиялық маркетинг, «жасыл» маркетинг, экологиялық маркетинг стратегиялары, қоршаған орта.
Сілтеме жасау
Г.А. Садыханова, Б.Б. Рысбаева Экологиялық маркетинг және оның қолданылу ерекшеліктері // Экономика: стратегия и практика — 2020— № 2 (15) — С. 203-211.