https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T15
Хаджиева Г., Өмір А.
Түйін
Мақалада Қазақстан аймақтарының тұрақты дамуға талпынуының қарама-қайшы табиғаты ашылады, ол үш бәсекелес мақсатты теңестіруден тұрады: индустриалды дамудың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру, экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескеру және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.Зерттеу жұмысының мақсаты – макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде Қазақстан Республикасының аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бар теңгерімсіздіктерді анықтау. Өңірлердің тұрақты дамуға бейімделуінің зерттеу нысаны аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті болғандықтан, оның жүзеге асуы тұтастай республиканың экономикасын реформалау барысында айқындалады, сондықтан авторлар тұрақты дамуға бейімделудің аймақтық коэффициентін есептеді. Аймақтардың тұрақты даму талаптарына бейімделу дәрежесін айқындау сандық және сапалық тәсілдерді үйлестіруді қажет ететін күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеуде тұрақты және тұрақсыз аймақтардың шекараларының белгілі бір «дәлізді» құрайтын, біркелкі траекторияның мүмкін және рұқсат етілген ауытқуларды сипаттайтын, сектор арасындағы дұрыс және қажет пропорцияны анықтайтын статистикалық және салыстырмалы әдістер қолданылды. Талдау негізінде Қазақстанның аймақтық дамуындағы белгілі бір теңгерімсіздіктер анықталды. Осылайша, индустриалды аймақтар көптеген макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшы болса, ал артта қалып жатқан өңірлер шағын және орта бизнестің белсенділігі жағынан олардан озып келеді. Сондықтан аймақтар арасындағы объективті айырмашылықтар оларды дамыту стратегиясын әзірлеуге сараланған тәсілдерді қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, экономиканы бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру стратегиясын таңдау және әлеуметтік салалардың дамуындағы айырмашылықтарды азайту, яғни халықтың өмір сүру деңгейін теңестіру сияқты өзара байланысты екі мәселелерді шешу үшін проблемалы аймақтардың кластерлерін анықтауды қажетсінеді.
Түйін сөздер: аймақ, тұрақты даму, әлеуметтік-экономикалық даму, макроэкономикалық көрсеткіштер, шағын және орта кәсіпкерлік.
Сілтеме жасау
Gulzhahan Khajieva, Omir Aida Problems of socio-economic development of Kazakhstan’s regions in the context of adaptation to the sustainable development // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 175-186.