Умарова Г.Х., Мергенбаева А.Т., Шінет Г.Ғ.
Түйін
Ұлттық экономиканың табысты дамуы үшін белгілі бір технологиялық әлеует қажет. Технологиялық артықшылықтар бүгінде халықаралық бәсекенің шешуші факторына айналды, сондықтан жинақталған технологиялық әлеуетті іске асыруға және оны одан әрі нығайтуға қол жеткізу өте маңызды. Мақалада «технологиялық әлеует» ұғымы, сондай-ақ онымен байланысты экономикалық категориялар қарастырылады, олардың мазмұны туралы автордың ұстанымы негізделген.Технологиялық әлеуетті бағалауға деген қолданыстағы отандық және шетелдік тәсілдемелерге талдау жүргізілген. Сондайақ Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуметінің қазіргі таңдағы жағдайына баға берілген. Соңғы жылдары еліміздегі ғылымды қаржыландыруды басқарудың жаңа түрлерін құру бойынша іс-шаралардың қабылданғандығы, бірақ ғылыми-технологиялық әлеует деңгейінің әлі де болса қоғамның қажеттіліктерінің, экономиканың нақты секторының сұраныстарына толық сай келмейтіндігі атап өтілді. Зерттеу пәні болып әлемдік нарықта еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы инновациялық экономиканы дамытудың технологиялық әлеуеті табылады.
Түйін сөздер: технологиялық әлеует, ҒЗТКЖ, инновациялық стратегия, экономика, инновациялық технологиялар.
Сілтеме жасау
https://doi.org/10.51176/JESP/issue_4_T17
Умарова Г.Х., Мергенбаева А.Т., Шінет Г.Ғ. Қазақстанның технологиялық әлеуеті: бағалау және даму мүмкіндіктері // Экономика: стратегия және практика. — 2020 — № 4 (15) — б. 207-218.