Креативті индустрия саласындағы статистика: әдістемелік негіздерге шолу

Темербулатова Ж.С., Жупарова А.С., Нусюпаева А.А.

Түйін

Креативті индустрияларды мониторингілеу және экономикалық даму стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу үшін сала туралы сенімді және уақтылы статистикалық ақпарат қажет. Бүгінгі күні мәдениет салалары бойынша деректер жинау үшін халықаралық стандарттардың болмауы креативті индустриялардың экономикалық және әлеуметтік әсерін бақылағысы келетін үкіметтер үшін елеулі кедергі болып табылады, сондай-ақ халықаралық деңгейде салыстыруды қиындатады. Бұл зерттеудің мақсаты – креативті индустрия саласындағы статистикалық ақпаратты жинаудың әдіснамалық негіздеріне шолу жасау. Мақсатқа жету үшін әдебиеттерге құрылымдық шолу жасалды, нәтижесінде креативті индустрияларды мониторингтеу мен бағалаудың қолданыстағы әдістемелері, халықаралық тәжірибеде бар креативті индустриялар мен креативті экономика индикаторларын есептеу әдістері талданды. Статистиканы жинау кезінде туындайтын кедергілер, сондай-ақ креативті индустриялар саласында статистикалық ақпаратты жинаудың қолданыстағы әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.

Түйін сөздер: креативті индустрия, статистикалық ақпарат, мәдениет, карталау.

Сілтеме жасау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_4_T12

Темербулатова Ж.С., Жупарова А.С., Нусюпаева А.А. Статистика в области креативных индустрий: обзор методологических основ // Экономика: стратегия и практика. — 2020 — № 4 (15) — С. 153-161.